Мақалада саяси қуғын-сүргін құрбандарын халық жадында сақтау мақсатында мемориалдық кешендер құру, ғылыми-зерттеу жобаларын іске асыру, саяси қуғын-сүргін құрбандарын ақтау процесінде мемлекеттік органдарға көмек көрсету мәселелері қарастырылады. Сондай – ақ қуғын-сүргінге ұшырағандардың есімдері жазылған дерекқорлар мен деректер банктерін құру, енгізу; 1990 жылдардың бастап қазіргі уақытқа дейін жадты сақтау саласында жүргізіп келе жатқан жұмыстардың кейбір түрлері; еліміздің тоталитарлық жүйе құрбандарын есте сақтау мәселесі де зерделенеді. Бұл мәселелер жаңа буынның тарихи жадын сақтаудағы басты мәселелердің бірі.
Мақалада мемориалдық кешендерді, ескерткіштерді салудың кейбір аспектілері талқыланады, қазіргі кездегі тарихи жадыны есте сақтау жағдайларын білдіретін екі өріс жағдайында идеологиялық дискурс пен жергілікті жад тәжірибесі көрсетіледі.