Негізгі мазмұнға өту Негізгі шарлау мәзіріне өту Сайттың төменгі деректемесіне өту
Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Тарих және саяси-әлеуметтік ғылымдар сериясы

АБАЙ ШЫҒАРМАЛАРЫНЫҢ БАҒАЛАНУЫ

Жарияланған May 2021

53

77

Аңдатпа

Ұлы ақын Абай патша заманында өмір сүріп, сол қоғамның өміріне белсене араласты. Болыстық қызмет те атқарып, түрлі даулы мәселелерді шешуге қатысты. Жер аударылған орыстың социал-демократтарымен тығыз араласып, Европа елдерінің классикалық шығармаларымен, ежелгі және жаңа кезеңнің философтарының еңбектерімен жете танысты. Оның шығармашылығы жасөспірімдерді қазақ халқына қызмет етуге дем берді, ұлт мәдениеті арқылы олардың оқуға, білімге деген рухын қолдады.
Мақалада Абай еңбектерінің қазақ зиялылары Ә.Бөкейхан, А.Байтұрсынов, М.Дулатов, Р.Мәрсеков, Ж.Аймауытов және М.Әуезов тарапынан бағалану барысы қарастырылады. Абай өлеңдерінің мәндік-мағыналық маңызы ашылады. Ақынның саналы, білімді, иманды, әділді ұрпақты тәрбиелеудегі философиялық ой-толғамдары сараланады.

pdf