Империалистiк державалардың қазiргi ықпал ету аясы қандай да бiр түрде мемлекеттердiң даму болашағына әсер етедi, олардың iшiнде түркi әлемi Еуразия құрлығында ерекше орын алады. Ресейдiң әскери-саяси аспектiсiн және оның НАТО-мен бәсекелестiгiн ескере отырып, Қазақстан жаңа Қазақстанның тұрақты құрылысын таңдау алдында тұр. Мәдениет түркi әлемiнде дамудың негiзi ретiнде ерекше орын алуы керек, өйткенi түркi мемлекеттерiнiң жүзеге асырылып жатқан мәдени өзара iс-қимыл бағдарламалары оларды идеологиялық тұрғыдан нығайтады. Бүгiнгi таңда түркi әлемiнiң мәдени интеграциясын мемлекетаралық бiрлестiктер аясында зерттеудiң әдiснамалық аспектiлерi ғылыми әдебиеттерде жеткiлiктi түрде көрсетiлмеген. Осыған байланысты зерттеушiлер, сарапшылар және басқа да институттардың алдында құрылған бiрлестiктер аясындағы интеграциялық үдерiстердiң даму перспективаларын ғылыми тұрғыдан жобалаудың үлкен мiндетi тұр. Сонымен, бұл мақала жаһандық және геосаяси өзгерiстер жүйесiндегi түркi әлемiнiң мәдени интеграциясының эволюциясы мен ғылыми талдаудың көрiнiсiне арналған. Осы зерттеуде алға қойылған мақсатқа сүйене отырып, салыстырмалы талдау әдiсiн ортақ түркi тарихи мәдени түсiнiгiн, сондай-ақ мәдени интеграция саласындағы хронологиялық үдерiстер мен келiсiмдердi бөлiп көрсетуге кешендi көзқарасты қолдану әрекетi жасалды. Осы мақсатқа жету үшiн келесi мiндеттер айқындалды: алдымен мемлекетаралық екiжақты-үшжақты мәдени-дипломатиялық қарым-қатынастарды талдау, одан кейiн Түркi кеңесi шеңберiнде түркi интеграциясын жүйелеу процестерiн анықтау; түркi мемлекеттерiнiң мәдениет саласындағы ынтымақтастығы туралы қабылданған көптеген шешiмдер iс жүзiнде орындалмаған-дықтан, түркi әлемiнiң мәдени интеграциялану үдерiсiнiң өзiн бағалауды нақтылау және анықтау. Тарихнамалық және деректанулық базаның негiзiн мемлекеттердiң бiрiншi тұлғаларының еңбектерi, осы мәселенi жалпы талдауды қамтитын әдебиеттер, Түрксой, ТүркПА, Түркi кеңесi сияқты мемлекет басшыларының ресми интернет-ресурстарында көрсетiлген мемлекетаралық келiсiмдер құрады.
ТҮРКІ ӘЛЕМІНІҢ МӘДЕНИЕТ САЛАСЫНДАҒЫ ИНТЕГРАЦИЯСЫ: ТЕНДЕНЦИЯЛАРЫ МЕН ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ: ТҮРКІ ӘЛЕМІНІҢ МӘДЕНИЕТ САЛАСЫНДАҒЫ ИНТЕГРАЦИЯСЫ: ТЕНДЕНЦИЯЛАРЫ МЕН ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Жарияланған September 2023
191
107
Аңдатпа
Тіл
English
Кілтті сөздер
Түркi әлемi, интеграция, мәдениет, геосаясат, жаһандану.
Дәйексөздерді қалай жазу керек
[1]
Sarsenbayeva, tangsholpan і Egamberdiyev, M. 2023. ТҮРКІ ӘЛЕМІНІҢ МӘДЕНИЕТ САЛАСЫНДАҒЫ ИНТЕГРАЦИЯСЫ: ТЕНДЕНЦИЯЛАРЫ МЕН ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ: ТҮРКІ ӘЛЕМІНІҢ МӘДЕНИЕТ САЛАСЫНДАҒЫ ИНТЕГРАЦИЯСЫ: ТЕНДЕНЦИЯЛАРЫ МЕН ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ. Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Тарих және саяси-әлеуметтік ғылымдар сериясы. 76, 4 (Вер 2023). DOI:https://doi.org/10.51889/2959-6017.2023.77.2.009.