Негізгі мазмұнға өту Негізгі шарлау мәзіріне өту Сайттың төменгі деректемесіне өту
Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Тарих және саяси-әлеуметтік ғылымдар сериясы

МҰСТАФА КЕМАЛ АТАТҮРІК ЖӘНЕ ТҮРКИЯ РЕСПУБЛИКАСЫ

Жарияланған May 2021

79

98

Аңдатпа

Ұлы тұлғалар болашақ ұрпақтың санасында, рухани өмірінде өзіндік орын алу үшін, олардың өмірбаяны мен қызметі туралы мағлұматтар мен зерттеулер маңызды. Осындай тұлғалардың ішінде әлем тарихынан ерекше орны бар - Түркия Республикасының тұңғыш Президенті Мұстафа Кемал Ататүрік. Ол өз халқы үшін орасан зор қызмет жасап, артынан өшпестей із қалдырды. Ататүрік бүгінгі Түркия Республикасының негізін қалаушы. Ол түрік елінің жерін басқыншы жаулардан тазалап, ішкі және сыртқы жаулармен күресіп, жаңа үлгіде мемлекет құрды.
Мақалада Ататүріктің республика құру жолында саяси әлеуметтік, экономикалық реформалар қабылдап, оны жүзеге асыру барысы қамтылған. Ататүрік тіл, латын әліпбиі, жалпы білім беру мәселесі бойынша Түркия Республикасында мектеп және жоғары оқу орындарын құрды. Ататүріктің өзінің тікелей бастамасымен көптеген мектептер және жоғары оқу орындары, факультеттері, ғылыми зерттеу институттары құрылады және бұл мекемелер әлі күнге дейін жұмыс істейді.
Әскери мамандық оның саяси ұстанымдарының қалыптасуына үлкен әсер етті. Ататүрік жаңа мемлекет құру барысында түрік халқының ішкі береке-бірлігін арттырумен, өзіне деген сенімін қалып-тастыруға баса назар аударды. Ұлы тұлға - Мұстафа Кемаль Ататүрік өз халқы үшін орасан зор қызмет жасап, артынан өшпестей із қалдырды. Сондықтан болар ХХ ғасырдың аяғында халық оны «Ғасыр адамы» деп атады.

pdf
Тіл

Қазақ

Дәйексөздерді қалай жазу керек

[1]
Козгамбаева , Г. 2021. МҰСТАФА КЕМАЛ АТАТҮРІК ЖӘНЕ ТҮРКИЯ РЕСПУБЛИКАСЫ. Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Тарих және саяси-әлеуметтік ғылымдар сериясы. 1, 64 (Трав 2021).