1923 жылы Қазақстанды зерттеу қоғамының Ақтөбе қаласындағы филиалы ашылды. 1925 жылы 6 желтоқсаннан бастап Қоғам жарғысы бекітілді. Ақтөбе облысы губерния басқармасының инспекторы, «Хусейния» медресесінің түлегі Құдайберген Қуанұлы Жұбановтың (1899-1938) 1926 жылғы 5 сәуірдегі Қазақстанды зерттеу қоғамына қабылдау туралы өтінішінде: «Мен қоғамға аймақтық, мәдени, тұрмыс-тық және этнографиялық жағдайлары туралы материал жинауға көмектесемін» деген еді. Бұл өтініші Ақтөбе облысының мұрағатында күні бүгінге дейін сақтаулы.
1920 жылдары Қ.Жұбанов Темір уезінде халық ағарту басқармасының инспекторы ретінде Ақтөбе облысындағы бастауыш және орта білім ошақтарында қызмет атқарды. 1925 жылы Ақтөбе губерниялық білім басқармасына нұсқаушы-әдіскер болып ауысты.
Ақтөбе өлкетанушылары Ақтөбе қаласының маңында бірқатар өлкетану экспедицияларын жүргізді, экспедиция нәтижелері кейіннен тарихи-өлкетану мұражайын құруға негіз болды. Мұражай Ақтөбе облысын тарихи зерттеудің ғылыми орталығына айналды. Мұнда өлкетану туралы дәрістер мен баянда-малар оқылып, материалдар жинау және ұйымдастыру бойынша біршама жұмыстар атқарылды. Мұражайда қоғам басқармасының жиналыстары өтті.
1928-1929 жылдары Қоғам басқармасының Ақтөбе қаласындағы бөлімі аймақтық филиалдар мен секцияларды ұйымдастыру жұмысын бастайды. Ақтөбе облысында өңірді экономикалық дамыту мақсатында жалпы саны 11-ге тең геологиялық сапарлар жасалды. Мұрағаттық мәліметтер негізінде Ақтөбе облысының табиғи қорлары туралы білімді таратуға облыстық өлкетанушылар рөлі, баяндамалар мен дәрістер оқу, сонымен қатар «Актюбинская правда», «Социалистік жол» газеттеріне мақалалар жариялау жолымен айқындалды
ҚҰДАЙБЕРГЕН ЖҰБАНОВ ЖӘНЕ ҚАЗАҚСТАНДЫ ЗЕРТТЕУ ҚОҒАМЫНЫҢ АҚТӨБЕ ФИЛИАЛЫ
Жарияланған May 2021
93
79
Аңдатпа
Тіл
Русский
Дәйексөздерді қалай жазу керек
[1]
Бегимбаева, Ж. 2021. ҚҰДАЙБЕРГЕН ЖҰБАНОВ ЖӘНЕ ҚАЗАҚСТАНДЫ ЗЕРТТЕУ ҚОҒАМЫНЫҢ АҚТӨБЕ ФИЛИАЛЫ. Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Тарих және саяси-әлеуметтік ғылымдар сериясы. 1, 64 (Трав 2021).