Қызылорда қаласының астаналық кезеңіндегі тұрғындардың күнделікті өмір тарихы отандық тарихнамадағы әлеуметтік, өлкетанулық тарихтың ажырамас, біртұтас бөлігі. Күнделікті өмір тарихын зерттеуде ізденуші-ғалым бірінші кезекте өзінің таңдап алынған обьектісі туралы нақты, әрі қажетті деңгейде мағлұмат жинастыруы қажет. Біздің зерттеу жұмысымыздағы басты нысан қала тұрғындарының күнделікті өмір тарихы. 1920 жылдың басында Ақмешіт қаласы (Қызылорда) шағын ғана провинциалдық қала болатын. Тұрғындардың өмір сүру деңгейі сын көтермеді. Мәселен, қала және уезд бойынша өндіріс орындары жұмыс істемеді, жергілікті халық сауда және мал бағумен күн көрді. Мемлекеттік қаржыландыруда тұрған ауруханалар мен мектептерге қаражат жетіспеді. Уездік бюджет қаражат тапшылығын жою мақсатында жергілікті қала тұрғындарына жүгінді. ХХ ғасырдың бірінші ширегі еліміздің тарихында елеулі оқиғаларға толы кезең болды. Осындай тарихи оқиғалардың бірі 1925 жылы Қазақстан автономиялық кеңестік социалистік республикасының астаналық қаласын Орынбордан Ақмешітке (Қызылорда) көшіру туралы қаулысы еді. Бұл шешім республикамыздың қиын-қыстау кезеңінде қабылданып, бүкіл ел болып жүзеге асырылды. Әсіресе Қызылорда қаласы үшін бұл тарихи уақыт өте маңызды болды, себебі болашақ республиканың келбетін айқындауда қала өзінің өшпес ізін қалдырды. Сол себепті қазіргі таңда еліміздің тарихында астаналық қалалардың тарихын зерттеу отандық тарих үшін маңызы бар екендігі анық.
Қызылорда қаласы тұрғындарының табысы мен пәтер мәселесі
Жарияланған September 2023
46
42
Аңдатпа
Тіл
English
Кілтті сөздер
Қызылорда, КазАССР, әлеуметтік қамсыздандыру, табыс, күнделікті өмір тарихы, пәтер, астана
Дәйексөздерді қалай жазу керек
[1]
Zhalmagambetov, Y. 2023. Қызылорда қаласы тұрғындарының табысы мен пәтер мәселесі . Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Тарих және саяси-әлеуметтік ғылымдар сериясы. 2, 77 (Вер 2023). DOI:https://doi.org/10.51889/2959-6017.2023.77.2.030.