Негізгі мазмұнға өту Негізгі шарлау мәзіріне өту Сайттың төменгі деректемесіне өту
Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Тарих және саяси-әлеуметтік ғылымдар сериясы

РЕПРЕССИЯ ҚҰРБАНЫ САДЫҚБЕК САПАРБЕКОВТЫҢ ҚИЛЫ ТАҒДЫРЫ

Жарияланған May 2021

418

75

Аңдатпа

Мақалада Батыс Қазақстан облыстық партиясының алғашқы хатшыларының бірі ретінде белгілі тұлға Садықбек Сапарбековтың қоғамдық-саяси қызметіне архив материалдары негізінде талдау және бағалау жасалады. Оның қуғынға ұшырауының негізсіз себептерінің дәлелдері келтіріледі және саяси қуғын сүргіндердің механизмдеріне талдау жасалады.
Мақала сондай-ақ отандық тарих ғылымында тұлғатану бағытының методологиялық мәселелері бойынша тың тұжырымдар жасауға арналады. Тақырып бойынша ғылыми ізденіс жүргізудің басты мақсаты тәуелсіз тарихи сана қалыптастыру үшін отандық тұлғатанудың көрнекті өкілдерінің бірі Садықбек Сапарбековтың қоғамдық-саяси қызметіне талдау болып белгіленген.
Отан тарихындағы тұлғаларды ұлттық-мемлекеттік мүддеге жасаған қызметі арқылы бағалаудың ғылымилығы туралы тұжырымдар жасалған. Содан да мақалада тұжырымдалған тарихи тұлға қызметін бағалаудың өлшемдерін тарих мазмұнын жаңалауда, ғылыми зерттеу жұмыстарында және арнайы пәндердің мазмұнында қолдануға болады.

pdf