1920-22 жылдардағы Қазақ АКСР-дің аумағына Сібір ревкомы мен РКФСР құрамында болған тарихи қазақ аумақтарын қайтару кезіндегі оқиғалар, 1924-1925 жж Орта Азияны мемлекеттік межелеу саясаты кезінде ұлттық мүддені қорғаған ұлт қайраткерлері туралы білімді оқушыларға қалыптастыру қазіргі тарих ғылымының маңызды міндеті болып табылады. Аталған тарихи кезеңдегі қазақ халқымен тығыз байланысты болған осынау күрделі өзгерісті оқиғаларды мектеп педагогикасында тиімді қолдану өте маңызды.
Мақалада қазақ зиялыларының қазақ халқының тарихи аумақтарын тұтастығын қалыптастыру кезіндегі қызметі мен рөлі, осы оқиғаның тарихи маңыздылығын білу мақсатында жалпы орта мектептердегі 9 сыныпта өтілген сабақтың жоспарлану, өткізілуі және нәтижесін бағалау қарастырылады. Сабақтың жоспарлануы мен өткізілуі кезінде жүзеге асырылған әдіс тәсілдер мен тапсырмалар талданып, оқушыны тақырыпты меңгертудегі маңыздылығы сараланады.