Мақала Шанхай ынтымақтастық ұйымы аясында Қазақстан Республикасының ұйымға мүше елдермен білім саласындағы байланыстарын ашуға бағытталған. Ұйымның құрылу тарихы мен атқаратын қызметтерін ашып, нақты білім беру саласындағы байланыстарына тоқталады. Қазақстан Республикасы өз тәуелсіздігін жариялағаннан кейін ерекше мән берген саланың бірі – білім және ғылымы саласы болды. Еуропаның озық тәжірибесі енгізілді. Осы бағыттағы маңызды жаңалықтардың бірі халықаралық тәжірибені басшылыққа алу болып табылады. Шанхай ынтымақтастық ұйымы аясында мүше мемлекеттермен білім беру саласында ортақ келісімдер жасалды. Бұл келісімдер білім беру саласын дамыту, ортақ білім беру бағдарламаларын даярлау, педагог мамандар және білім алушылардың тәжірибе алмасуы сынды маңызды бағыттарды қамтиды. Шанхай ынтымақтастық ұйымы Университеті қалыптастырылды. Жекелеген мамандықтар бойынша білім алушылар алмасып, ортақ білім беру бағдарламасы негізінде маман даярлау ісі қолға алынды. Мұндай жан-жақты байланыстардың білім беру саласын дамытуға қосатын үлесі жоғары. Мақала барысында осы бағыттағы жұмыстардың болашақ басымыдылықтарын анықтау мақсатына қол жеткізілді.
Ғылыми-зерттеу жұмысының өзектілігі тақырыптың қазіргі заманда ерекше сұранысқа ие болуымен байланысты. Алдағы уақытта аталған тақырып көлемінде кешенді зерттеу жұмыстары жүргізілуі қажет.