Киім – әр этностың өзіндік ерекшелігін, дүниетанымын, қоршаған ортаға бейімделу формасының көзге бірден түсетін мәдени атрибуты болып табылады. Мақалада қазақ және түрік этностарының ұлттық киім ерекшеліктері көрсетіле келе, олардың қоғамдағы моральдық, талғамдық және әлеуметтік функция-лары қарастырылады, әсіресе әлеуметтік тұрғыда дифференциялауға байланысты қызметіне мән беру арқылы киімнің қоғамдық қарым-қатынасты белгілеудегі рөлін анықтау талпынысы жасалады. Қазақ және түрік халықтарының шығу тегі бір болғанымен, екі этностың тұрмыс-тіршілік спецификасының айырымы киім-кешектен анық байқалады. Осы айырымдарды сипаттай, айырымдардың орын алу себеп-терін анықтай отырып, мақала авторлары ХVІІІ ғасырлардан көрініс берген еуропалану тенденциясының әсеріне және нәтижесіне баға беруге тырысады.Осман империясы тәуелсіз мемлекет тұрғысында бірнеше дүркін реформа жасаса, қазақ елі Ресей қол астында болғандықтан, еуропалану үдерісіне орыс мемлекеті арқылы тартылды. ХVІІІ-ХІХ ғасырлардағы Осман түріктерінің жүргізген реформаларының мазмұны, барысы саралана келе, соның ықпалында туындаған өзгерістердің мәні мен бағыты талқыланады. Қазақ және түрік этностарының киіміндегі өзгерістер мемлекет тұрғысында негізінен әскери және ресми қызметшілердің киімдеріне қатысты болды. Тақырыпқа қатысты мәліметтерді жинақтауда қазақ және түрік киім реформаларына зерттеу жүргізген ғалымдардың еңбектеріне шолу жасалынды. Реформаларға дейінгі түріктің ұлттық киіміне сипаттама беріле отырып, бұл реформалардың тарихи барысы, транс-формациялануға итерген факторлар мен көріністері қарастырылды. Зерттеу жұмысында бірі отырықшы, бірі көшпенді болған бауырлас екі елдің капиталистік қатынастар мен технологияға байланысты еропа-лану үдерісіне тартылу барысында киім-кешектегі әр өзгерістің мәні мен мазмұны, даму ерекшеліктері, жергілікті халықтың оларды қабылдаудағы психологиялық механизмдері талданады. Түрік халқының әр реформадан кейінгі өзгерістері талқыланып, ұлттық киіммен болған конфронтацияға мән беріледі. Осман империясында ІІ Махмұттың бастауымен республика кезеңіне дейін қарқынды дамыған еуропалық үлгіде киім өзгерістері және оның халыққа әсері айқындалады. Ал қазақ халқының билік басында отырған әскери және шенеуліктердің киімдерінде ғана өзгерістердің еуропалану бағыты көрініс бергені айқындалды.