Мақалада 1991-2000 жылдар аралығындағы Қазақстанның Түркиямен мәдени қарым-қатынасының алғашқы кезеңдегі табысты қадамдары жан-жақты талданады. 1991 жылдан бастап Қазақстан Респуб-ликасы тәуелсіздік алғаннан кейін екі ел арасында дербес қоғамдық негізде достық және бірлік ұйымдары құрыла бастады. Ресми мәдени және ғылыми байланыстармен қатар қоғамдык ұйымдардың, оның ішінде діни қауымдастықтың да Түркия мен Қазақстанның байланыс орнату ниеттері мемлекетаралық қарым-қатынастарды нығайтуға септігін тигізді. Осы мақалада қарастырылып отырған Түркия мен Қазақстан-ның мәдениет және ғылым саласындағы байланыстардың терең және нақты мазмұнды сипат алуына осы келісімшарттың атқарған қызметі ерекше екендігіне назар аударған жөн. Келісімшартта халықаралық ынтымақтастықтың негізгі салалары қарастырылған, олар: университеттер арасындағы қарым-қатынас-тың дамуы, ғылыми жобалар мен бағдарламалар алмасу, ғылыми конференниялар, кездесулер өткізу және бірлескен ғылыми жұмыстар жүргізу, маман кадрлар даярлау және алмасу, оқу материалдарымен және ақпараттармен алмасу, театр, музыка, опера, балет және басқа да өнер салаларындағы өзара қарым-қатынастың дамуы, көрмелер ұйымдастыру, әртістермен және көркемөнер ұжымдарының Түркия мен Қазақстанның жақты қатынасы және бағдарламалар алмасу, әдеби шығармалармен танысу және оларды екі елде аудару, кинематография, теле-радио компаниялары, ақпараттық агенттіктер және баспасөз, жастар ұйымдары арасындағы қарым-қатынасқа ықпал ету. Нәтижесінде бүгінгі күнге дейін жалғасып келе жатқан мәдени, ғылыми, рухани, жалпы гуманитарлық саладағы қарым-қатынастар екі елдің бұлжымас саясатына айналды.