Ғылым мен техника жетістерінің педагогика мен оқыту салаларына жылдамдықпен енгізілуіне байланысты «ес-кірген» дәстүрлі білім беру жүйесін жаңартылған, сыннан өтіп жатқан заманауи педагогикалық технологиялармен алмастырудың педагогикалық шарттары мен мүмкіндіктерін анықтаудың маңыздылығы заман талабы болып табылуда. Сол аталмыш педагогикалық технологиялардың қатарына диалогтік оқыту технологиясы да енері сөзсіз. Диалогтік оқытуды талдамас бұрын бұл оқыту технологиясының негізінде диалог жататындығын айта кетіп, диалогтің мәні мен мазмұнын анықтап алсақ. Түрлі түсіндірмелік-анықтамалық оқулықтарды «диалог» сөзін «екі адам немесе екі жақ арасындағы келіссөздер немесе келісімдер» деп келтірілген. Яғни, оқыту процесінде тек педагогтің сөзсімен ғана емес білім алушылар арасында, біздің тақырыбымыз бойынша оқушылар мен мұғалім арасында, кейіннен оқушы мен оқушы арасындағы пән тақырыбын талдау, пікір-таластар ұйымдастыру, дөңгелек үстел, т.с.с. тәсілдерді сабақта кеңінен араластырып қолдану-осы аталғандардың негізінде диалогтік оқыту технологиясы жүзеге асырылады.
Қоғамның дамуының қазіргі кезеңі, елімізде болып жатқан түрлі өзгерістер білім беру қызметіне жаңаша қарауды, оқытушы іс-әрекетін жаңаша ұйымдастыруды талап етеді.
Қазіргі заман диалогтар заманы. Қазірде бар адамның ой-тұжырымы тыңдалады. Барлық мәселелер диалогқа түсу арқылы шешіледі десек қателеспейміз. Сондықтан диалогты оқыту процесіне енгізудің тәжірибелерін сыннан өткізу біздің педагогикалық тәжірибелеудің негізгі нысаны. Қазақстан тарихы сабағында диалогтың бір бөлшектерін сабақ кезеңдерінде қолдануға оңтайлы.
Мақалада орта мектеп жағдайында Қазақстан тарихы сабағында диалогтік оқытуды қолданудың педагогикалық негіздері қарастырылған.
ОРТА МЕКТЕП ЖАҒДАЙЫНДА ҚАЗАҚСТАН ТАРИХЫ САБАҒЫНДА ДИАЛОГТІК ОҚЫТУДЫ ҚОЛДАНУДЫҢ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
Жарияланған May 2021
247
58
Аңдатпа
Тіл
Қазақ
Кілтті сөздер
инновация, педагогикалық технология, диалог, диалогтық оқыту, интерактивтілік, сократтық диалог
Дәйексөздерді қалай жазу керек
[1]
Апашева, С. і Бухарбаев, М. 2021. ОРТА МЕКТЕП ЖАҒДАЙЫНДА ҚАЗАҚСТАН ТАРИХЫ САБАҒЫНДА ДИАЛОГТІК ОҚЫТУДЫ ҚОЛДАНУДЫҢ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ. Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Тарих және саяси-әлеуметтік ғылымдар сериясы. 4, 67 (Трав 2021).