Негізгі мазмұнға өту Негізгі шарлау мәзіріне өту Сайттың төменгі деректемесіне өту
Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Тарих және саяси-әлеуметтік ғылымдар сериясы

мақала ИРАНДА ҰЛТТЫҚ САНА МЕН ЗИЯТКЕРЛІК ОРТАНЫҢ ӨСУ КЕЗЕҢДЕРІ (1900 -1979)

Жарияланған September 2023

60

40

Казну им Аль-Фараби
Аңдатпа

 Мақала Ирандағы ұлттық сананың қалыптасу кезеңдерін зерделеуге арналған. Мақалада Иран халқының  ұлттық санасының қалыптасуына әсер ететін негізгі факторлар талданады. Сондай-ақ автор Ирандағы ұлттық сананың қалыптасу кезеңдерін ұлттық саясат контекстінде және интеллектуалды ойдың өсу кезеңіне қатысты қарастырады. Иран елінің модернизациялану яғни, жаңғыру кезеңдерін қарастыра отырып, интеллектуалды ойдың өсу үдерісін сипаттайды. Ирандағы модернизация үдерісіндегі негізгі кезеңдер Конституциялық революция, «ақ революциясы» мен «ұлтшылдық идеялар» кезеңі, исламдық даму моделін құру кезеңінің ұлт санасына әкелген өзгерістерін зиялы қауым қызметі мен зиялы ойдың өрісін талдау арқылы ашады.

Ирандағы  өткен тарихтың ортақтығы негізінде полиэтникалық қоғамнан біртұтас Иран ұлтын қалыптастыруға бағытталған стратегиясы және парсыландыру стратегиясының қоғамның саяси-әлеуметтік өміріндегі басымдылыққа ие болу факторына тоқталады. Осылайша ұлттық санадағы жаңғыру үдерісі зиялы қауым  идеялары арқылы қарастырылады.

Нәтижесінде, қоғамның барлық саласын қамтитын күрделі жаңғыру процессі және ұлттық сананы қалыптастырушы интеллектуалдардың зайырлы және діни ойларының өсу кезеңдері салыстырыла отырып талданады.

pdf
Тіл

Русский

Дәйексөздерді қалай жазу керек

[1]
Рахимова, к. 2023. мақала ИРАНДА ҰЛТТЫҚ САНА МЕН ЗИЯТКЕРЛІК ОРТАНЫҢ ӨСУ КЕЗЕҢДЕРІ (1900 -1979). Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Тарих және саяси-әлеуметтік ғылымдар сериясы. 76, 4 (Вер 2023). DOI:https://doi.org/10.51889/2959-6017.2023.77.2.007.