Негізгі мазмұнға өту Негізгі шарлау мәзіріне өту Сайттың төменгі деректемесіне өту
Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Тарих және саяси-әлеуметтік ғылымдар сериясы

А. Байтұрсынұлы және зайырлы білім беру

Жарияланған April 2023

86

74

КазНАИ имения Т. Жургенова
Аңдатпа

Мақалада А. Байтұрсынұлының ХХ ғасыр басында қазақ тіліндегі мектеп оқулықтарын даярлау жұмысына қосқан үлесі анықталады. Қазан революциясынан кейін Қазақстанда большевиктер билігі орнап, қоғамның барлық саласы түбегейлі өзгерістерге ұшырады. Күрделі өзгерістер білім беру саласын қамтыды. Зайырлы білім беру бағдарламалары негізінде оқытудың жаңа жүйесі жүзеге асты. Осы бағыттағы жұмыстардың толыққанды жүзеге асуына кедергісін келтірген жайттардың бірі заман талабына сай келетін оқулықтардың жоқтығымен байланысты болды. Азамат соғысынан кейін Алаш зиялылары большевиктер қатарына өтті. Большевиктер өз кезегінде ұлт қайраткерлерінің әлеуетін осы бағытқа пайдаланды. А. Байтұрсынұлы Ағарту халық комиссары болып тағайындалды. Осы жылдан бастап қазақ тіліндегі мектеп оқулықтарын жазу ісі жүйелі жоспарға сай орындала бастады.

А. Байтұрсынұлы тіл білімі саласында бірнеше оқулықтар жазды. Сонымен қатар білім беру саласын жаңа тәртіпке сай реттеді. Мектептерге қазақ тіліндегі оқулықтар жазу ісіне ұлт қайраткерлерін ұйымдастырды. Осы бағыттағы жұмыстар нәтижелі болды. Бірнеше жылдың ішінде тіл білімі, математика, жаратылыстану, тарих, физика, география және тағы да басқа пәндер бойынша оқулықтар жарық көрді.

pdf
Тіл

Қазақ

Дәйексөздерді қалай жазу керек

[1]
Нурмухамбетов ardak 2023. А. Байтұрсынұлы және зайырлы білім беру. Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Тарих және саяси-әлеуметтік ғылымдар сериясы. 1, 76 (Квіт 2023). DOI:https://doi.org/10.51889/1728-5461.2023.1.76.026.