Зерттеу жұмысының басты мақсаты ретінде авторлар қазақ халқының тарихы мен этнографиясының сан қырлы аспектілеріне қатысты қызықты, мазмұнды жазба дереккөздерді тарихи-мәдени тұрғыда таладу көздейді. Оның ішінде төңкеріске дейінгі отаршылдық кезеңінің зерттеушісі, қазақ халқының тарихы мен этнографиясының дамуына зор үлес қосқан ғалым В. Фон Герннің ғылыми мұрасына ерекше назар аударылады.
Зерттеудің негізгі міндеттерінің біріне В. Фон Герн шығармашылығы арқылы қазақ қоғамының мәдени-этнографиялық құндылықтарының мәнін ашу жатады. Осы тұрғыда зерттеушінің жазбаларына тарихнамалық және деректанулық зерттеу жүргізу маңызды болып табылады. Себебі, ғалымның іске
асырған көптеген жарияланымдары бірқатар себептер мен империялық артықшылықтардың басымдығына байланысты ғылыми салада жеткілікті түрде қамтылмай қалды.
Мақаланың өзектілігі ретінде отаршылдық дәуірдегі көшпенді қоғамды танудың империялық тәсілдерінің мәдени-рухани кеңістіктегі өзгешеліктерін бағалауды көрсете аламыз. Патшалық Ресей кезеңіндегі зерттеушілер билік тарапынан белгілі бір нұсқаулар мен тапсырмаларды алып отырғандығын жақсы білеміз. Қазақ қоғамның мәдени-этнографиялық құрылымын жетік тану, отаршылдық жүйеге жаңа мүмкіндіктерді ашатындығы сөзсіз еді. Бірқатар зерттеушілер қазақ қоғамын зерттеуде шынайы пікір танытуға ұмтылғандығын атап өту қажет.
Зерттеудің нәтижесіне төңкеріске дейінгі этнорафиялық жазбаларға салыстырмалы-талдау жүргізілді және оның ортасындағы В. Фон Герннің ғылыми қызметінің тарихи мазмұнына шынайы көзқарас танытуды алға тартамыз.
В. ФОН ГЕРННІҢ БАҚЫЛАУЛАРЫНДАҒЫ ҚАЗАҚТАР ТУРАЛЫ ЭТНОГРАФИЯЛЫҚ ЖАЗБАЛАРЫ
Жарияланған December 2022
95
79
Аңдатпа
Тіл
Русский
Кілтті сөздер
салт-дәстүр, қазақ қоғамы, тұрмыс пен мәдениет, әдет-ғұрып, шаруашылық, этнография, қолөнер.
Дәйексөздерді қалай жазу керек
[1]
С.Т, М. 2022. В. ФОН ГЕРННІҢ БАҚЫЛАУЛАРЫНДАҒЫ ҚАЗАҚТАР ТУРАЛЫ ЭТНОГРАФИЯЛЫҚ ЖАЗБАЛАРЫ. Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Тарих және саяси-әлеуметтік ғылымдар сериясы. 74, 2 (Груд 2022). DOI:https://doi.org/10.51889/5100.2022.30.61.024.