2020 жылы Сығанақ қаласындағы №19 нысанның оңтүстік батыс қазба шекара жиегінен, бетіне қазан төңкерілген төрт тостақ табылды. Өткен жылдары аталмыш қаланың белгілі бөліктерінде жүргізілген қазба жұмыстары барысында керамикалық дастархан фрагменттері де алынған болатын. Бұл табылымдар Сығанақ қаласы тұрғындарының асхана мәдениетінен сыр шертуі мүмкін. Ыдыс бетінің тағарамен жабылуын тазалық тұрғысынан алып қарасақ – бұл қазіргі кездегі аналарымыздың асхана тәртібі мен қағидалырын еске түсіреді. Сонымен қатар, сол кездің өзінде халық арасында «зиянкес тылсым күштер» бар деген сенім айтарлықтай орын алған деген ойға жетелейді. Бұл жағдай ең болмағанда ыдыс бетін бір тал шыбықпен жапқан қазақ халықының сенімімен астасып жатқандай көрінеді. Ал, ескі ырым жоралғылық тұрғысынан алып қарар болсақ, қазақтың тұрмыстық дәстүрінде қазанды төңкеру практикасының тұяқсыз қалған кісінің қабірі басында атқарылғандығын байқаймыз. Сондықтанда да, беті жабық ыдыстардың астарында бұрынғы Сығанақ тұрғындарының дүниетанымы мен рухани өмірінің қыр сырлары жатуы әбден мүмкін. Бұл мақалада қазба барысында табылған төңкерілген қазан және қазанның астынан алынған тостақтар қазақтың күнделікті тұрмыс қағидалары және ырым жоралғыларымен байланыстыра отырып қарастырылды. Сонымен қатар жұмыста әдіснама-лық тұрғыдан сипаттау, салыстыру және аналитикалық талдау сияқты зерттеу әдістері қолданылды.
ОРТАҒАСЫРЛЫҚ СЫҒАНАҚ ҚАЛАСЫНАН ТАБЫЛҒАН АСХАНА ЖАРАҚТАРЫ (КӨЗҚАРАСТАР МЕН ПІКІРЛЕР)
Жарияланған December 2022
142
86
Аңдатпа
Тіл
Русский
Дәйексөздерді қалай жазу керек
[1]
М., Г. 2022. ОРТАҒАСЫРЛЫҚ СЫҒАНАҚ ҚАЛАСЫНАН ТАБЫЛҒАН АСХАНА ЖАРАҚТАРЫ (КӨЗҚАРАСТАР МЕН ПІКІРЛЕР). Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Тарих және саяси-әлеуметтік ғылымдар сериясы. 3, 74 (Груд 2022). DOI:https://doi.org/10.51889/8531.2022.81.59.026.