Skip to main content Skip to main navigation menu Skip to site footer
Bulletin of Abai KazNPU. Series of Historical and social-political sciences

THE PROCESS OF FOSTERING PATRIOTISM IN COUNTRIES AROUNDTHE WORLD

Published September 2023

70

38

Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті,
Abstract

Отанын патриоттар мекеніне айналдыруӘлем елдерінің ең өзекті мәселелерінің бірі.  Кез келген мемлекеттің болашағы  білімді жастар. Қазіргі таңда елін сүйетін ұрпақ тәрбиелеу - маңызды мәселеге айналуда. Осы орайда ұсынылып отырған ғылыми мақалада патриоттық тәрбие берудің Америкалық, Европалық, Кеңестік  және Қазақстандық тәжірибесі жан-жақты зерттеліп, нәтижелі, мазмұнды ойлар айтылады. Сондай-ақ, ғылыми еңбекте жастарды отансүйгіштікке тәрбиелеудің жаңа әдістемесі, бағыттары қарастырылған.Патриотизм ұғымы тарихи құбылыс ретінде заманына орай әртүрлі әлеуметтік мәнге ие болады. Кеңестік патриотизм Отанына, халқына сүйіспеншілікпен қатар интернационализмді, Кеңес Одағы халықтары мен бүкіл дүние жүзі ұлттарына деген достықты қамтыса, тоталитарлық жүйе құлап, құндылықтар өзгерген тұста «патриотизм» ұғымын жаңаша ұғындыру тарих ғылымының басты мәселесі болып отыр. Патриотизмнің басты ерекшелігі – ең алдымен отанға деген сүйіспеншілік, өзіңнің күш-қуатыңмен мен қабілетіңді, білім мен біліктілігіңді, ақыл парасатыңды ел игілігіне жұмсау. Отансүйгіштік табиғатының тіні – патриоттық сана. Патриоттық сана адамзатты өркениетке жетелейді, ізгілікке үндейді, елжандылыққа баурайды. Ал енді қазақстандық патриотизм мәселесі бұл ата-бабаларымыздың аманат еткен жерін қорғау, туған жерді сүю, ой-сананы жетілдіру.

pdf (Қазақ)