Негізгі мазмұнға өту Негізгі шарлау мәзіріне өту Сайттың төменгі деректемесіне өту
Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Тарих және саяси-әлеуметтік ғылымдар сериясы

ЭФТАЛИТТЕР МЕМЛЕКЕТІ МӘСЕЛЕСІ: БАТЫС ДЕРЕКТЕРІ НЕГІЗІНДЕ ЗЕРТТЕЛУІ

Жарияланған September 2024

41

41

KazNU im Al-Farabi
Аңдатпа

Мақала қазіргі Қазақстан мен Орталық Азияның ерте ортағасырлар кезеңіндегі мемлекет ретінде өмір сүрген – Эфталит мемлекетінің саяси және мәдени аспектілерін дәлелдейтін еуропалық қолжазба дерек-терді талдауға арналған. Эфталит немесе «Ақ ғұндар» - империя дәрежесіне жеткен көшпелі, әскери мемлекет. Қазіргі таңда ісләм дінінің қарсаңындағы Орталық Азияның геосаяси ахуалы, мәдениеттердің алмасуы, саяси-экономикалық қатынастар, этнолингвистика мәселелерін деректер мен зерттеу еңбектері негізінде сараптап, объективті көзқарас қалыптастыру қажеттілігі туындап отыр. Отандық ғылымда эфталиттердің түркі әлеміндегі орны және рөліне арналған зерттеу еңбектері жоқтың қасы. Сондықтан мақалада бұл мәселе авторлармен ортағасырлық еуропалық жазба деректер, соның ішінде Ватикан қорларындағы жазбалар негізінде тұжырымдалады. Эфталиттер орта ғасырларда Орталық Азияда саяси-әскери жағынан дамушы мемлекет ретінде, өз экономикасын,  дипломатиялық қатынас-тарды мәдени тұрғыда дамыта білген. Олар мекендеген халықтардың этно-конфессиялық өміріне араласа отырып,  бейбітшілік пен татулықты басшылыққа алған. Толеранттық, конфессиялық  көзқарастар сол кезеңнің өзінде мемлекеттің жан-жақты дамуында басты құралдың біріне айналғаны туралы мәліметтер басшы-лыққа алынып негізделді. Эфталит мемлекеті мен Орталық Азия халықтары арасында мәдени-рухани байланыстардың дамуы, этномәдени алмасу мәселелері тарихи тұрғыдан қарастырылады. Ғылыми мақаланың тақырыбы мәселенің нақты қырын айқындап, яғни эфталиттер мен түркі тайпалары арасын-дағы мәдени және рухани байланыстардың саяси  рөлін  көрсетеді. Ықпалдастық мәселесі, тарихи маңыз-дылығы, жаңа мемлекеттер мен саяси бірлестіктердің саяси аренаға шығуына ықпалы қарастырылады. Мәселен, Авар тайпалық бірлестігінің қалыптасуында маңызды рөл атқарған эфталиттердің ықпалы жазба деректер негізінде дәлелденді. Ғылыми зерттеуде жүйелі тарихи-салыстырмалы және салыстыр-малы-типологиялық әдістері қолданылды, оларды пайдалану эфталит мемлекеті тарихының барынша толық көрінісін жасауға мүмкіндік берді. Зерттеудің әдіснамалық негізін тарихшылдық принциптері, ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтардың бірлігі және тарихи процестерді зерттеудегі диалек-тикалық көзқарас құрайды. Осы көзқарасқа сәйкес бұл зерттеуде эфталит мемлекетінің тарихы Орталық Азия халықтарының тарихындағы елеулі дәуір ретінде қарастырылады. Сонымен қатар,  эфталиттердің мәдениеті мен жалпы түркі халықтарына ортақ мәселелері бойынша тың қорытынды жасалады.

pdf (English)
Тіл

Қазақ

Дәйексөздерді қалай жазу керек

[1]
Мukhazhanova Т.N., Zhumagulov К.Т. і Sadykova R.О. 2024. ЭФТАЛИТТЕР МЕМЛЕКЕТІ МӘСЕЛЕСІ: БАТЫС ДЕРЕКТЕРІ НЕГІЗІНДЕ ЗЕРТТЕЛУІ. Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Тарих және саяси-әлеуметтік ғылымдар сериясы. 81, 1 (Вер 2024). DOI:https://doi.org/10.51889/2959-6017.2024.82.3.016.