Негізгі мазмұнға өту Негізгі шарлау мәзіріне өту Сайттың төменгі деректемесіне өту
Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Тарих және саяси-әлеуметтік ғылымдар сериясы

ХХ ғасырдың екінші жартысындағы неміс және поляк диаспорасының мәдени дамуы

Жарияланған April 2023

93

65

Alikhan Bokeikhan University
Аңдатпа

ХХ ғасырдың екінші жартысы Қазақстанда социалистік құрылыстың екінші даму кезеңімен сипатталады. Елдің әлеуметтік-демографиялық жүйесінде күрделі өзгерістер орын алды. Бұл өзгерістерге тарихи шынайы бағасын берудің ғылыми ізденістері әлі күнге дейін белсенді жалғасуда. Осыған орай, бұл зерттеу жұмысының басты мақсаттарының бірі ретінде аталған кезеңдегі Қазақстанда өмір сүрген неміс және поляк диаспорасының мәдени даму ерекшеліктері мен қоғамдық рөліне тарихи талдау болып табылады.

Зерттеудің негізгі міндеттерінің бірі ХХ ғасырдың екінші жартысындағы неміс және поляк этностарының мәдени даму қызметін анықтайтын тарихнаманың пайымдарын талқылау және өзіндік пікір таныту. Осы міндеттің аясында кеңестік және тәуелсіз Қазақстан кезеңдерінде тақырып бойынша жарыққа шыққан еңбектерге тарихнамалық салыстырмалы-талдау жасау алға қойылды. Сонымен қатар, мәселе тұрғысындағы жаңа архив деректерді ғылыми айналымға қосу да жұмыстың ғылыми тапсырмаларының қатарына жатады.

1950-60 жылдардағы «Жылымық» дәуірінде Кеңестер Одағындағы депортацияланған ұлттардың саяси-құқықтық мәртебелері қалпына келтіріліп, мәдени-әлеуметтік дамуларына мүмкінді берілді. Бұл оң өзгерістердің ықпалы поляк және неміс этностарына да ықпалын тигізбей қоймады.

Зерттеу жұмысының нәтижесінде 1950-1990 жылдары арасында Қазақстанда өмір сүрген неміс және поляк мәдени ұйымдарының қызметінің тұрақты дамығандығына баға бере аламыз. Алайда, аталған мәселенің архив құжаттары тұрғысында кешенді тарихи талдаулармен жалғасын табу қажеттігін атап өтеміз.

pdf
Тіл

Қазақ

Дәйексөздерді қалай жазу керек

[1]
mamyrbekov, arafat 2023. ХХ ғасырдың екінші жартысындағы неміс және поляк диаспорасының мәдени дамуы. Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Тарих және саяси-әлеуметтік ғылымдар сериясы. 1, 76 (Квіт 2023). DOI:https://doi.org/10.51889/1728-5461.2023.1.76.022.