Негізгі мазмұнға өту Негізгі шарлау мәзіріне өту Сайттың төменгі деректемесіне өту
Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Тарих және саяси-әлеуметтік ғылымдар сериясы

КЕДЕН ІСІ МӘДЕНИ МҰРАНЫ САҚТАУ ҚҰРАЛЫ РЕТІНДЕ

Жарияланған May 2021

183

43

Аңдатпа

Бұл мақаланың өзектілігі көпғасырлық тарихты зерделеу мәселесінде кедендік саясат барлық уақытта мәдени құндылықтарды сақтаудың ажырамас бөлігі болғанын дәлелдейді. [1]
Біріншіден, кез келген мемлекеттің маңызды міндеттерінің бірі ұлттық мәдениет құндылықтарын сақтау болып табылады. Екіншіден, кеден органдары мемлекетті мәдени мұра контрабандасынан қорғайды. Үшіншіден, тауардың ерекше түрі ретінде мәдени құндылықтар елге әкелінуі және мемлекеттік органдар тарапынан қатаң бақылаумен одан тыс жерлерге шығарылуы мүмкін.
"Мәдениет-ұлттың, оның жанының, ақыл-ойының және игілігінің бейнесі. Өркениетті халық өз тарихының барысын, мәдениетінің дамуын, әлемдік ой, өнер жетістіктерінің алтын қорына зор үлес қосқан ұлы адамдарын да мақтан тұтады. Мәдениет, дәстүр арқылы ұлт әлемге белгілі болады". [2]
Бұл мәселені зерттеудегі басты тәсіл кез келген тарихи материалды оның динамикасында қарауды, әрбір құбылыстың өзіндік ерекшеліктерін, сондай-ақ оны негіздейтін факторларды анықтауды талап ететін тарихилық принципі негізінде болды

pdf (Русский)
Тіл

Русский

Дәйексөздерді қалай жазу керек

[1]
Нуралиева, Ж. і Алтаев, А. 2021. КЕДЕН ІСІ МӘДЕНИ МҰРАНЫ САҚТАУ ҚҰРАЛЫ РЕТІНДЕ. Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Тарих және саяси-әлеуметтік ғылымдар сериясы. 1, 64 (Трав 2021). DOI:https://doi.org/10.51889/2020-1.1728-5461.18.