Негізгі мазмұнға өту Негізгі шарлау мәзіріне өту Сайттың төменгі деректемесіне өту
Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Тарих және саяси-әлеуметтік ғылымдар сериясы

20-30 ЖЫЛДАРДАҒЫ АУАКӨШУ: ӨЗБЕКСТАН БАҒЫТЫ

Жарияланған March 2023

47

51

Южно-Казахстанская медицинская академия
Аңдатпа

Мақалада 1920-1930 жылдары Кеңес өкіметінің Қазақстанда жүргізген ауылшаруашылық реформаларын іске асырудан туындаған саяси қуғын-сүргінге наразылық ретінде туған жерін тастап, мәжбүрлікпен көршілес республикаларға ауакөшкен тұрғындардың тарихы жүйеленді. Ауакөшу Қазақстанның барлық аймағын қамтыған. Соның ішінде осы кезге дейін тарихи зерттеу нысанына айнала қоймаған оңтүстік өңірдегі тұрғындардың Өзбекстанға ауа көшуі және олардың тұрғылықты жерлеріне қайта оралу тарихы архив құжаттары негізінде ғылыми қалпына келтіріледі. Реформалар уақытындағы солақай саясатқа наразылық ретінде орын алған жаппай ауакөшуді тоқтата алмаған БК(б)П Қазақ өлкелік Комитеті, республика өкіметі мен үкіметі ауа көшкендерді қайтаруға байланысты ұйымдастыру, қаржылық және идеологиялық жұмыстарды қалай атқарғандығы баяндалады. Тақырыпқа қатысты тарихнамалық шолу жасалып, архив деректері айналымға ұсынылып, осы кезге дейінгі зерттеу еңбектерінде қалыптасқан тұжырымдар талданады. ХХ ғасырдың 20-30 жылдарында қазақ халқының саяси қуғын-сүргін салдарынан Өзбекстанға ауа көшудің себептері мен салдарлары ғылыми негізде талданып, осы мақсатқа сай ауакөшушілер мен реэмигранттардың болжамды санын анықтау мәселесіне, сонымен біргесол кездегі орталық және жергілікті биліктің саяси, ұйымдастырушылық жұмыстарына баға беріледі.

PDF (Русский)
Тіл

Қазақ

Дәйексөздерді қалай жазу керек

[1]
Кабыл, А. 2023. 20-30 ЖЫЛДАРДАҒЫ АУАКӨШУ: ӨЗБЕКСТАН БАҒЫТЫ. Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Тарих және саяси-әлеуметтік ғылымдар сериясы. 4, 75 (Бер 2023). DOI:https://doi.org/10.51889/4270.2022.99.28.014.