Қытай Халық Республикасы құрылғаннан кейін қытай халқы ұлттық дамуды жүзеге асыру барысында Қытай Коммунисттік партиясының (ҚКП) басшылығымен кедейлікпен күресті алдыңғы қатарлы мақсаттар қатарына қойды. Реформалар мен ашық есік саясаты жарияланғаннан кейін Қытай кедейлікті қысқарту бойынша кең көлемдегі жұмыстарды бастады және дамуға бағытталған қытайлық ерекшелігі бар кедейлікпен күрестің жаңа жолын салып өтті. Маңызды жетістіктерге жеткізген бұл жол Қытайдағы “сяокан” қоғамын (орта дәулетті қоғам) құру үдерісінің маңызды құраушы бөлігі болып табылады. 2012 жылы өткен ҚКП-ның 18-ші съезінен кейін партия, мемлекет пен қоғам жаңа қарқынмен кедейлікпен толық көлемде күресуге жұмылдырылды. Бас хатшы Си Цзиньпиннің кедейлікпен күрес туралы маңызды тұжырымдамаларының басшылығымен жүргізілген бұл күрес Қытайдың жаңа дәуірдегі дамуына бағытталған кедейшілікпен күрестің жаңа кезеңінің бастамасы болды. Бүгінгі таңда Қытайдағы кедейлікті жою мәселесі аса өзекті тақырыптардың бірі болып отырғандықтан, мақаламыздың негізгі мақсаты – миллиардтан аса халқы бар Қытай елі үшін кедейлікпен күрес жолында қысқа мерзімде үлкен жетістіктерге жетуге мүмкіндік берген кедейлікті жою бағдарламаларын, оның ерекшеліктерін, бұл мәселені шешудің жолдары мен тәсілдерін қарастыру. Себебі Қытайдың кедейлікті жою бойынша тәжірибесі дәл осындай проблемалары бар дамушы елдер үшін жоғары маңыздылыққа ие.
СЯОКАН ҚОҒАМЫН ҚҰРУ БАРЫСЫНДАҒЫ КЕДЕЙЛІКПЕН КҮРЕС: ҚЫТАЙЛЫҚ ТӘЖІРИБЕ
Жарияланған September 2022
124
99
Аңдатпа
Тіл
Русский
Кілтті сөздер
ҚХР, кедейлікпен күрес, сяокан қоғамы, ҚКП, кедейлікпен нүктелі күрес саясаты, қаржылық саясат, кедейшілік шегі, Си Цзиньпин.
Дәйексөздерді қалай жазу керек
[1]
М.Б., А. і Д.Б., Д. 2022. СЯОКАН ҚОҒАМЫН ҚҰРУ БАРЫСЫНДАҒЫ КЕДЕЙЛІКПЕН КҮРЕС: ҚЫТАЙЛЫҚ ТӘЖІРИБЕ. Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Тарих және саяси-әлеуметтік ғылымдар сериясы. 73, 1 (Вер 2022). DOI:https://doi.org/10.51889/2022-2.1728-5461.11 .