Бұл мақалада мемлекеттің тәуелсіздігінің баянды болуындағы экономикалық дамудың маңызы және егеменді Қазақстанның нарықтық қатынастарға өткеннен кейінгі халықаралық геоэкономикалық жүйедегі басқа елдермен салыстырғандағы салыстырмалы артықшылықтары қарастырылған. Салыстырмалы артықшылықтың негізі – елдердің географиялық орналасуы, табиғи-ресурстық, экономикалық, көліктік, әлеуметтік және техникалық салалардағы әртүрлілік, сонымен қатар интеграциялық үдерістердің дамуы.Атап айтқанда, Қазақстан үшін транзиттік әлеуеттің Еуразияның
орталығында орналасуы, үлкен табиғи аумақтар және энергетикалық, жер, топырақ, су, орман, биологиялық, минералдық, климаттық және рекреациялық ресурстарды қамтитын табиғи ресурстардың әлеуеті басым әлеует болып саналады. Кеңес Одағы кезінде іргесі қаланған кәсіпорындардың болуы еліміз экономикасының дамуына тиімді фактор ретінде саналатыны, халықтың жаппай сауаттылығы, жоғары білікті азаматтардың болуының тәуелсіздік үшін маңызды рөл атқаратындығы жазылған.
МЕМЛЕКЕТ ЖӘНЕ ОНЫҢ ГЕОЭКОНОМИКАЛЫҚ МҮМКІНДІКТЕРІНІҢ ГЕОСАЯСАТТАҒЫ МАҢЫЗЫ. (ҚАЗАҚСТАН МЫСАЛЫНДА)
Жарияланған September 2022
134
118
Аңдатпа
Тіл
Русский
Дәйексөздерді қалай жазу керек
[1]
К., С. і Д., М. 2022. МЕМЛЕКЕТ ЖӘНЕ ОНЫҢ ГЕОЭКОНОМИКАЛЫҚ МҮМКІНДІКТЕРІНІҢ ГЕОСАЯСАТТАҒЫ МАҢЫЗЫ. (ҚАЗАҚСТАН МЫСАЛЫНДА). Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Тарих және саяси-әлеуметтік ғылымдар сериясы. 2, 73 (Вер 2022). DOI:https://doi.org/10.51889/2022-2.1728-5461.12.