Негізгі мазмұнға өту Негізгі шарлау мәзіріне өту Сайттың төменгі деректемесіне өту
Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Тарих және саяси-әлеуметтік ғылымдар сериясы

ҰЛЫ ЖІБЕК ЖОЛЫ БОЙЫНДАҒЫ ОРТАҒАСЫРЛЫҚ ТАРАЗ ШАХАРЫНЫҢ ЗЕРТТЕЛУ МӘСЕЛЕЛЕРІ АЯСЫНДА

Жарияланған May 2021

74

61

Аңдатпа

Мақалада Ұлы Жібек жолының бойында орналасқан ортағасырлық Тараз қаласының археологиялық зерттелу тарихымен қатар, қала туралы жазба деректерін қалдырып кеткен саяхатшы, жихангез, елші, тарихшы, археологтардың тарихи очерктері материалдары сипатталды.
Сондай-ақ, ортағасырлық Тараз қаласы жөніндегі алғашқы б.з. 568 жылынан басталған жазба деректері пайдаланылды. Қалаға сол жылы Византия императоры Юстинианнан – Земарх Калиикискийдің басшылығымен елшілер тобының келуі де, Тараз қаласының сол кезеңнің өзінде ірі сауда-экономикалық орталық болғандығын дәлелдейтіні туралы осы жазбаларда баяндалған. Сонымен қатар, қытай діндары Сюань Цзяньнның жазған қолжазба хаттары да, Күлтегін ескерткішіндегі таспен қашалып жазылған руна жазуларында да Талас даласын мекен еткен тұрғындардың өзіндік тұрмыс-тіршілігі жөнінде мол баға жетпес мәліметтері де сипатталады. Сонымен қатар М. Қашқари, М.Х. Дулати, В.В Бартольд, А.Н. Бернштам, П.П. Лерх, М.Е. Массон, Л.Н. Гумилев, Т.Н. Сенигова, С.П.Толстов, А.Ю. Якубовский, Ә.Х. Марғұлан, К.А.Ақышев, К.М. Байпақов, Л.Б.Ерзакович, П.И.Пацевичтің, М.Е. Елеуовтың ортағасырлық Тараз қаласы туралы және осы қала туралы зерттеуге қосқан еңбектері баяндалады.

pdf
Тіл

Қазақ

Дәйексөздерді қалай жазу керек

[1]
Сатаева, .Б. і Бексеитов , Ғ. 2021. ҰЛЫ ЖІБЕК ЖОЛЫ БОЙЫНДАҒЫ ОРТАҒАСЫРЛЫҚ ТАРАЗ ШАХАРЫНЫҢ ЗЕРТТЕЛУ МӘСЕЛЕЛЕРІ АЯСЫНДА. Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Тарих және саяси-әлеуметтік ғылымдар сериясы. 3, 66 (Трав 2021).