Негізгі мазмұнға өту Негізгі шарлау мәзіріне өту Сайттың төменгі деректемесіне өту
Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Тарих және саяси-әлеуметтік ғылымдар сериясы

ЫДЫРЫС МҰСТАМБАЙҰЛЫ ҚАЙРАТКЕР ТҰЛҒАНЫҢ КЕҢЕСТІК ОГПУ ЖЕНДЕТТЕРІМЕН КҮРЕСІ

Жарияланған September 2022

160

113

Аңдатпа

Мақалада ХХ ғасырдың 20-30 жылдарындағы Сталиндік саяси қуғын-сүргіннің салдарынан жазықсыз жазаланып, қуғын-сүргінге ұшыраған халқымыздың ардақты қайраткер тұлғаларының бірі – Ыдырыс Мұстамбайұлының 1933 жылы саяси тұрғыдан тұтқындалып, 1937 жылы атылып кеткенге дейінгі кезеңдегі қоғамдық саяси қызметі сараланады.
Соңғы жылдарға дейін Ұлттық қауіпсіздік комитетінің, Ішкі істер министрлігінің архивтері жабық болғаннан кейін, оның 1933 жылдың қаңтарынан кейінгі, яғни сотталғаннан кейін мерзімі біткеніне қарамастан екінші рет неліктен сотталған, ол өзіне тағылған айыптарды қаншалықты мойындады, қашан және қай жерде қайтыс болды? Және тағы да басқа түйткілді сұрақтардың жауабын толық ашуға мүмкіндік болмай келген болатын.
Саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау жұмыстарына байланысты Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес 2020 жылы 24 қарашада №456 «Саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау жөніндегі комиссия құру туралы» жарлығы шыққаннан кейін, қайраткер тұлғаның қоғамдық саяси қызметіне байланысты зерттеулерді одан әрі жүргізуге мүмкіндік туды. Соның нәтижесінде, архив құжаттары негізінде оған тағылған айыптауларға байланысты көптеген заңсыздықтардың орын алғаны анықталды. Ыдырыс Мұстамбайұлы НКВД-ның жендеттері қаншалықты азапты тергеуге салса да, өзін антисоветтік ұйымды құрдым немесе соның мүшесі болдым деп мойындамаған. Зерттеуде, осы уақытқа дейін жабық болған архив құжаттары бойынша қайраткер тұлғаның өмірінің соңғы кезеңіндегі қоғамдық саяси қызметі жан-жақты талданады.

pdf (Русский)
Тіл

Русский

Дәйексөздерді қалай жазу керек

[1]
Е.Н., Е. і Д.И., С. 2022. ЫДЫРЫС МҰСТАМБАЙҰЛЫ ҚАЙРАТКЕР ТҰЛҒАНЫҢ КЕҢЕСТІК ОГПУ ЖЕНДЕТТЕРІМЕН КҮРЕСІ. Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Тарих және саяси-әлеуметтік ғылымдар сериясы. 73, 1 (Вер 2022). DOI:https://doi.org/10.51889/2022-2.1728-5461.24.