Зерттеу жұмысының мақсаты – ХХ ғ. 20 жылдары Ташкенттен басылып отырған «Ақ жол» газетінің қоғамдық және саяси маңызының тарихи аспектілерін талдау болып табылады. Қазіргі кезде Отан тарихын зерттеуде мерзімді баспасөз материалдарын пайдалану ғылымда кеңінен жолға қойылған. Баспасөз материалдарын талдау мен сараптау негізінде ауқымды зерттеу жұмыстары жүргізіліп келеді. Атап айтқанда, ХХ ғасырдағы Қазақстан тарихы бойынша тақырыптардың мазмұны мен қыр-сырын айқындауда газет-журналдардың материалдарын қолданудың маңызы арта түсті.
Зерттеу жұмысының басты міндеттерінің бірі ретінде ХХ ғасырдың 20-30 жж. жарияланған газет-журнал беттерінде Қазақстан тарихына қатысты және қоғамдық-саяси, әлеуметтік-экономикалық мәселелерді көтерген құнды тақырыптардың бүгінгі таңдағы өзектілігіне баға беру болып табылады. Солардың бірі, ХХ ғ. 20 жылдары Ташкенттен шығып отырған «Ақ жол» газеті болды.
Зерттеу жұмысының өзектілігі еліміз тәуелсіздігін алғаннан бері баспасөз тарихы мен қазақ баспасөзінің даму жолдарын саралауға арналған зерттеулердің отандық тарихта белгілі бір бағытқа айналғандығымен айқындалады.
Зерттеудің нәтижесі ХХ ғасырдың басында кеңестік Түркістанның орталығы Ташкенттен шығып отырған және ең негізгі мерзімді баспасөз құралы саналған «Ақ жол» газетінің деректік негізі жан-жақты қарастырылымға ие болды. Зерттеу жұмысында «Ақ жол» газетінің шығу тарихы мен тарих ғылымындағы деректік құндылығы зерттеледі.
«АҚ ЖОЛ» ГАЗЕТІ ҚАЗАҚСТАННЫҢ ҚОҒАМДЫҚ-САЯСИ ӨМІРІН ЗЕРТТЕУДІҢ ТАРИХИ ДЕРЕГІ РЕТІНДЕ
Жарияланған September 2022
325
0
Аңдатпа
Тіл
Русский
Дәйексөздерді қалай жазу керек
[1]
К.К., Н. 2022. «АҚ ЖОЛ» ГАЗЕТІ ҚАЗАҚСТАННЫҢ ҚОҒАМДЫҚ-САЯСИ ӨМІРІН ЗЕРТТЕУДІҢ ТАРИХИ ДЕРЕГІ РЕТІНДЕ. Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Тарих және саяси-әлеуметтік ғылымдар сериясы. 2, 73 (Вер 2022). DOI:https://doi.org/10.51889/2022-2.1728-5461.18.