Мақалада Шеңгелді керуен сарайына жүргізілген қазба барысында табылған остеологиялық материалдар қарастырылады. Ортағасырлық Шеңгелді керуен сарайының фаунасының сипаттамасы көрсетіп отырғандай, жануар сүйектерінің басым бөлігі жануар түрлеріне қарай анықталған. Фаунаның жануар түріне қарай құрамында түрлердің аса көп еместігі байқалғанымен, үй жануарларының барлық түрі кездесетіні байқалады. Сүйектер жануар түрлеріне, қаңқа элементтеріне, сүйектердің сақталуына және қаңқа бөліктеріне қарай талданды. Археозоологиялық талдау барысында үй жануарларының барлық түрлері (Equus caballus, Bos taurus, Ovis aries, Camelus bactrianus, Capra) және бірқатар жабайы жануар-ларға (Equus hemionus, Saiga tatarica, Testudines) тиесілі сүйектері анықталды. Үй жануарларының ішінде жылқы және уақ мал сүйектері басымдыққа ие. Ірі қара сүйектері саны жөнінен
үшінші орында. Түйе сүйегі өте аз мөлшерде кездесті. Үй жануарларына тиесілі сүйектердің 23,4% бүтін, 76,6% фрагмент түрінде сақталған. Қаңқа бөліктері бойынша үй жануарларының сүйектерінің ішінде кеуде және аяқтың төменгі бөліктерінің сүйектері көбірек. Бірнеше адам сүйектері де кездесті. Геометриялық морфометрия-лық тәсілдер жануар түрлері арасында өзара морфологиялық ұқсастықтар мен айырмашылықтар бар екендігін көрсетіп отыр.
ШЕҢГЕЛДІ КЕРУЕН САРАЙЫНЫҢ ОСТЕОЛОГИЯЛЫҚ МАТЕРИАЛДАРЫ
Жарияланған May 2021
89
174
Аңдатпа
Тіл
Русский
Дәйексөздерді қалай жазу керек
[1]
Савельева T. і Шагирбаев, М. 2021. ШЕҢГЕЛДІ КЕРУЕН САРАЙЫНЫҢ ОСТЕОЛОГИЯЛЫҚ МАТЕРИАЛДАРЫ. Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Тарих және саяси-әлеуметтік ғылымдар сериясы. 1, 64 (Трав 2021).