Егемендiк алғаннан кейін қоғамымыздың рухани өркендеуiнде бiрқатар оңды өзгерiстер болды. Бұл өзгеріс осы уақытқа дейiн отандық тарих сахнасынан өшiрiлген немесе жоғалтып ала жаздаған асыл мұраларымызбен қайта қауышуға мүмкіндік берді. Ұлттық тарихымыздағы асыл қазыналарымызды қайта жандандырдық деуге болады.Рухани өркендеуiмiздегi келесi оңды өзгерiстердiң бiрi халықтың тұтастай ойлау жүйесiнiң жаңғыруы. Соның нәтижесiнде қазақ халқы өзiнiң ұлттық тарихына, елiмiздiң өткен өмiрiнде басты орын алған алып тұлғалардың өмiрi мен қызметiне жаңаша көзқараспен қарай бастады. Сондай жаңаша көзқараспен ғылыми талдаудан қазақтың “билер институты” да өтiп, өзiнiң шынайы бағасын алуда. Қазақ тарихында бидің алатын орны ерекше, сондықтан, билер институты жалпы мемлекеттің саяси және мәдени өмірінде әрқашан маңызды рөл атқарады. Ұсынылып отырған мақалада қазақ тарихындағы билер институтының құқықтық мұрасы баяндалған.
ҚАЗАҚ ТАРИХЫНДАҒЫ БИЛЕР ИНСТИТУТЫНЫҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ МҰРАСЫ: ЖАРҒЫЛЫҚ ЖӘНЕ ҚАҒИДАЛЫҚ БИЛІК ШЕШІМДЕРІ
Жарияланған May 2021
163
55
Аңдатпа
Тіл
Қазақ
Дәйексөздерді қалай жазу керек
[1]
Исибаева , Е. і Давлетьярова , Б. 2021. ҚАЗАҚ ТАРИХЫНДАҒЫ БИЛЕР ИНСТИТУТЫНЫҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ МҰРАСЫ: ЖАРҒЫЛЫҚ ЖӘНЕ ҚАҒИДАЛЫҚ БИЛІК ШЕШІМДЕРІ. Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Тарих және саяси-әлеуметтік ғылымдар сериясы. 3, 66 (Трав 2021).