Автор мақалада «Қостанайдың Тобыл жаны кешендерінің мезолиттік және неолиттік тасты өндірісі» тақырыбындағы диссертацияда берілген жеке қорытындылармен танысуды ұсынады. Бұл жарияланымда біз Торғай ойпатындағы мезолит дәуіріндегі тас өндірісінің ерекшеліктеріне тоқталамыз. Берілген аумақта әр кезеңнің материалдары бар ескерткіштердің жинағы басым екендігін ескере отырып және табылған материалдардың қаншалықты тереңнен екендігін есепке алмайстан сипаттау, содан кейін осы материалға байланысты хронологиялық және мәдени мәселелерді шешу үшін техника-типологиялық әдіс қолданылды. Торғай ойпатының сегіз ескерткішінен алынған шикізаттың табиғаты мен техника-типологиялық параметрлеріне байланысты жиналған мәліметтер Оңтүстік және Орта Зауралье мезолит ескерткіштерінің материалдарымен және Тобол-Ертіс өзендерінің арасындағы орманды дала аймағының материалдарымен жақын ұқсастықтары бар екендін анықтайды. Мақала авторы Торғай ойпатының
мезолиттік материалдары мен зауральенің мезолит мәдени қауымдастығымен сәйкес деп ойлайды және жергілікті кеш палеолиттің негізінде осы қауымдастықтың қалыптасуы жайлы сұрақта В.С.Мосиннің пікірімен келіседі. Басылымда В.Н.Логвиннің Торғай ойпатының мезолит ескерткіштерін екі топқа бөлу туралы көзқарасына күмән келтіретін себептер дәлелденеді. Қарастырылып отырған аймақтың мезолит ескерткіштерінің хронологиялық шеңбері біздің дәуірімізге дейінгі IX–VII мыңжылдықтарға сәйкес келеді және Оңтүстік Уралдың мезолит ескерткіштерінде,Тобол-Ертіс өзендерінің арасындағы орманды дала бөлігінде алынған радиокөміртектің даталарымен арақатынас кезіндегі салыстырмалы уақыт шекараларында анықталады.
ТОРҒАЙ ОЙПАТЫНЫҢ АУМАҒЫНДАҒЫ ЕСКЕРТКІШТЕРДІҢ МЕЗОЛИТТІК ТОБЫ
Жарияланған May 2021
52
0
Аңдатпа
Тіл
Русский
Кілтті сөздер
мезолит, Торғай ойпаты, тас өндірісі, техника-типологиялық талдау, ядролар (өзектер), фтаниттер.
Дәйексөздерді қалай жазу керек
[1]
Подзюбан, Е. 2021. ТОРҒАЙ ОЙПАТЫНЫҢ АУМАҒЫНДАҒЫ ЕСКЕРТКІШТЕРДІҢ МЕЗОЛИТТІК ТОБЫ. Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Тарих және саяси-әлеуметтік ғылымдар сериясы. 3, 66 (Трав 2021).