Негізгі мазмұнға өту Негізгі шарлау мәзіріне өту Сайттың төменгі деректемесіне өту
Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Тарих және саяси-әлеуметтік ғылымдар сериясы

МӘДЕНИ ИНТЕГРАЦИЯДА ҰЛТТЫҚ ДӘСТҮРЛЕРДІҢ РӨЛІ

Жарияланған May 2021

92

68

Аңдатпа

Қазақстан қоғамындағы әлеуметтік-мәдени құбылыстардың табиғатын талдау нәтижелері еліміздің жаһандану үрдістері кезеңдерінде әлемдік кеңеске енудегі экономикалық, саяси және мәдени интеграциясы өсіп келе жатқанын байқатады. Әрине, бұл жағдайда мемлекеттік органдардың, сараптамалық-зияткерлік қоғамдастықтың және мәдениет қайраткерлерінің басым міндеті мемлекет пен қоғамның өзара іс-қимылының оңтайлы моделін әзірлеу, сондай-ақ мәдениеттің даму үрдістерін, мәдени тәжірибенің жұмыс істеуі мен дамуының заңдылықтары мен қағидаттарын айқындау болып табылады. Сондықтан, Қазақстан мәдениетінің әлемдік кеңістікке ықпалдасуының деңгейін зерттеу, осы үдерістің стихиялық себептерін және осыған байланысты болашақта мүмкін болатын қауіп-қатерлер мен сын-қатерлерді анықтау мәселелері өзекті болып отыр. Бұл мәселелер, сөзсіз, елдің қоғамдық-саяси және сараптамалық кеңістігінде кеңінен талқылауды, интеграциялық процестерді мемлекетті басқарудың тиімді тетіктерін жүйелі ғылыми зерттеу мен әзірлеуді талап етеді.
Осы орайда, мақалада қазақстандық қоғамның дүниетанымдық негіздері тұрғысынан мәдениет пен қоғамның тұтастығы мен өзара байланысында қарастырылатын социумның әмбебап заңдары мен қасиеттерін зерттеуді көздейтін тарихи-әлеуметтік, мәдени-философиялық білім тұрғысынан мәдени интеграция мәселелері қарастырылады

pdf (Русский)