Жүргізілген зерттеулер барысында Жетісу өңірінің ерте темір ғасырына жататын музей коллекциялары морфологиялық, сәндік, технологиялық және т.б. қағидалары бойынша қолданыстағы өңірлік мәдени-хронологиялық схемалар мен зерттеу жұмыстарын жүргізуді ескере отырып зерделенді. Ғылыми-зерттеу жұмыстар барысында Алматы облыстық М. Тынышпаев атындағы тарихи-өлкетану музейі мен сол музейге қарасты Шелек ауылдық тарихи-өлкетану музейі, Райымбек аудандық тарихи-өлкетану музейі, Ш. Уәлихановтың «Алтынемел» мемориалдық музейі, Есік қаласындағы археологиялық-өлкетану музейі сынды ұйымдардың сақ-үйсін дәуірі бұйымдары бойынша мәлімет жинау мақсатында қорлары мен архивтері зерттелді. Керамикалық материалдар тұрғысынан анағұрлым байырақ қорға ие Алматы облыстық М. Тынышпаев атындағы тарихи-өлкетану музейі мен Есік қаласындағы археологиялық-өлкетану музейі болып шықты. Ш. Уәлихановтың «Алтынемел» мемориалдық музейі қорындағы өзіндік ерекшелікте жасалған тас құрбандық ыдыс сынды бірегей жекеленген жәдігерді айтуға болады. Алматы облысының музейлері жыл сайын табылып жататын жаңа олжалар нәтижесінде сақ-үйсін дәуіріне тән артефакттер жинағымен толығып отырады және оларды зерттеймін деген адамдарға есігі ашық. Жекелеген артефакттерді егжей-тегжейлі зерттеу, олардың интерпретациясы мен хронологиялық айқындалуы сақтар мен үйсіндердің жерлеу және ғұрыптық құрылыстары жөніндегі көзқарастарды толықтырып қана қоймай әр дәуірдің өзіндік ерекшеліктерін көрсетеді.
АЛМАТЫ ОБЛЫСЫ МУЗЕЙЛЕРІНІҢ ҚОРЛАРЫНДАҒЫ САҚ-ҮЙСІН ДӘУІРІНІҢ МУЗЕЙЛІК ЖИНАҚТАРЫНЫҢ АТРИБУЦИЯСЫ МЕН МӘДЕНИ ИНТЕРПРЕТАЦИЯСЫ
Жарияланған March 2023
73
85
Аңдатпа
Тіл
Русский
Кілтті сөздер
Іле Алатауы, Жетісу, музейлік жинақ, қорлар, сақ-үйсін мәдениеті, этномәдени үдерістер.
Дәйексөздерді қалай жазу керек
[1]
Тулегенов, Т. 2023. АЛМАТЫ ОБЛЫСЫ МУЗЕЙЛЕРІНІҢ ҚОРЛАРЫНДАҒЫ САҚ-ҮЙСІН ДӘУІРІНІҢ МУЗЕЙЛІК ЖИНАҚТАРЫНЫҢ АТРИБУЦИЯСЫ МЕН МӘДЕНИ ИНТЕРПРЕТАЦИЯСЫ. Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Тарих және саяси-әлеуметтік ғылымдар сериясы. 4, 75 (Бер 2023). DOI:https://doi.org/10.51889/5724.2022.16.14.023.