Мақалада Қазақстанның сән индустриясындағы концептуалды дизайн брендтерінің маркетингтік стратегиясын анықтау, өндіріс процестерін дамыту және өнімді жылжыту бойынша нақты ұсыныстарды қалыптастыру қажеттілігі көрсетілген. Елдегі өнеркәсіп дамуына әсер ететін факторларды анықтауға байланысты мәселелерді ары қарай өңдеу қажет. Зерттеу негізінен Қазақстандағы брендтің концептуалды сегментінің нақты аспектілеріне бағытталған. Алға қойылған міндеттерді шешу барысында аталған сауалдарға тереңінен үңілу қажет. Елдің сән индустриясы әдістемелік тәсілдерді және жалпы жеңіл өнеркәсіпті дамытуды қажет етеді, бұл зерттеу тақырыбын, мақсаты мен міндеттерін таңдауда алдын ала анықтайтын факторға айналды. Мақалада онлайн қызметтердің көмегімен авторлар жүргізген сауал-намаларға алынған жауаптар тұтынушылар нарығы баға мен дизайнға өте сезімтал екенін көрсетілген. Сонымен қатар, статистикалық мәліметтер негізінде дизайнерлік киімдерді сатып алушылардың негізгі диапазоны – 26-35 жас аралығындағы әйелдер екені белгілі болды. Мақалада дизайнерлер өз кәсіпорын-дарының бәсекелестік ортасы туралы түсінікке қызығушылық танытады. Тәуелсіз зерттеу негізіндегі Қазақстандағы дизайнерлік киімнің нарығын талдау мәселесін автор мақаласында көтере білген.
ТӘУЕЛСІЗ ЗЕРТТЕУ НЕГІЗІНДЕГІ ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ДИЗАЙНЕРЛІК КИІМНІҢ НАРЫҒЫН ТАЛДАУ
Жарияланған March 2022
336
227
Аңдатпа
Тіл
Русский
Дәйексөздерді қалай жазу керек
[1]
Мусаханова, М. і Мусаханова, Ж. 2022. ТӘУЕЛСІЗ ЗЕРТТЕУ НЕГІЗІНДЕГІ ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ДИЗАЙНЕРЛІК КИІМНІҢ НАРЫҒЫН ТАЛДАУ. Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Тарих және саяси-әлеуметтік ғылымдар сериясы. 1, 72 (Бер 2022). DOI:https://doi.org/10.51889/2022-1.1728-5461.11.