Негізгі мазмұнға өту Негізгі шарлау мәзіріне өту Сайттың төменгі деректемесіне өту
Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Тарих және саяси-әлеуметтік ғылымдар сериясы

ҚАЗАҚТЫҢ ЗЕРЕ ЕСІМІНІҢ КИЕЛІЛІГІ

Жарияланған May 2021

119

67

Аңдатпа

Мақалада Абай Құнанбаевтың 175 жылдық мерейтойы аясында қазақтың Зере деген әйел есіміндегі қасиеттілік тарихи-этнографиялық тұрғыдан ашылады. Автор осы есім мағынасының, этимологиясының төрт нұсқасын ұсынады. Біріншіден, бұл сөздің жалпы қабылданған «алтын» деген түсіндірмесі, яғни алтын металындай қымбат, асыл адам. Бұл нұсқа ежелгі парсы тіліндегі «зер» – «алтын» сөзінен шыққан (осыдан – зергерлік шебер – зергер). Екінші нұсқада автор архивтік және тарихи деректерге сүйене отырып, дәстүрлі қазақ қоғамында салтанатты жиындарға көптеген зергерлік бұйымдардан басқа, қыздар мен жас келіндер мұрындарына «зере» деп аталатын алтын сақина таққанынкөрсетеді.Үшінші нұсқа – сәукеленің астына киілетін қалыңдықтың бас киімі. Төртінші нұсқа әскери қорғаныс киімі – сауытты жасау үшін қолданылатын сақина атауымен байланыстырылады. Осылайша, автор Абайдың әжесі Тоқбалаға сіңірген еңбегі үшін, сауытты біртұтас етіп бекітетін (алтындай) сақина тәрізді отбасын, руын, тайпасын біріктіруге үлес қосқан тұлға болғаны үшінЗере есіміарнайы берілген деген нұсқаны ұсынады!

pdf (Русский)