Негізгі мазмұнға өту Негізгі шарлау мәзіріне өту Сайттың төменгі деректемесіне өту
Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Тарих және саяси-әлеуметтік ғылымдар сериясы

ХХ ҒАСЫРДЫҢ 90-ЖЫЛДАРЫНДАҒЫ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАДАҒЫ ЖОҒАРЫ БІЛІМ МЕН ҒЫЛЫМДЫ ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ ТӘЖІРИБЕСІ МЕН ДАМУ ҮРДІСТЕРІ

Жарияланған March 2022

133

106

Аңдатпа

Зерттеу жұмысында Қазақстан Республикасындағы жоғары білім мен ғылым саласындағы мемлекеттік саясат тарихи тұрғыдан талданады. Нарықтық қатынасқа өту кезеңіндегі білім мен ғылымдағы жаңа саясат нағыз ғылыми мақсатта болуы, яғни шынайы талдау мен тура есепке сүйенуі қажет. Тарихи тәжірибелерді оқу әрі пайдалану – білім мен ғылым құрылысы және оны басқаруды жетілдіру жөніндегі тиянақты ұсыныстар жасаудың міндетті кезеңі болып, ол стратегиялық есептеу-лердегі жаңылысу мен тактикалық қателіктерді қайталауға жол бермейтін тиімді басқару принциптерінің бірі саналады. Бүгінде Республика жоғары оқу орындарының қоғамдық ортадағы маңызын ашудың  өзі өзекті мәселеге айналып отыр. Себебі, қандай қоғамда да жоғары білімді мамандарды даярлау үздіксіз жүретін процесс екендігі белгілі. Сондықтан бүгінгі күннің міндеттерін анықтап, шешкенде тек қана жаңа тәсілдермен және жаңа әдістермен жүзеге асырып, орындап шығу мүмкін емес. Осыған орай, біздің ойымызша өткеннің бай тәжірибесіне арқа сүйеп, бүгінгі күн тұрғысынан пайдалануға болатын жақсы дүниелерді де игілікке жаратудың орындылығын ескерген жөн. Онсыз қоғамдық прогрестің сабақтастығы үзіледі. Ал, білім саласында сабақтастық байланысын сақтамау ұлттық ерекшеліктерді әлсіретіп қана қоймай, сонымен бірге еліміздің рухани өміріне кері әсерін тигізіп, мұндағы ұйымдастырылатын іс шараларының тиімділігін әлсіретуге әкеліп соғады.

pdf (Русский)
Тіл

Русский

Дәйексөздерді қалай жазу керек

[1]
Кенжебаев, .Г. і Жомарт, Ж. 2022. ХХ ҒАСЫРДЫҢ 90-ЖЫЛДАРЫНДАҒЫ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАДАҒЫ ЖОҒАРЫ БІЛІМ МЕН ҒЫЛЫМДЫ ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ ТӘЖІРИБЕСІ МЕН ДАМУ ҮРДІСТЕРІ. Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Тарих және саяси-әлеуметтік ғылымдар сериясы. 1, 72 (Бер 2022). DOI:https://doi.org/10.51889/2022-1.1728-5461.09.