Негізгі мазмұнға өту Негізгі шарлау мәзіріне өту Сайттың төменгі деректемесіне өту
Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Тарих және саяси-әлеуметтік ғылымдар сериясы

ЕЖЕЛГІ ТҮРКІ ЖАЗБАЛАРЫНДАҒЫ ҚАЗАҚСТАН ТАРИХЫНА ҚАТЫСТЫ ДЕРЕКТЕР

Жарияланған March 2022

234

131

Аңдатпа

Мақала VIII ғасырда жазылған ежелгі түркілік ескеркіштердегі деректердің Қазақстан тарихына  қатысына арналған. Евразияның ұлан байтақ кеңістігінде VI ғасырда құрылған Ежелгітүркі мемлекеті екі ғасырдан кейін Батыс және Шығыс түркі қағанаттары болып бөлініп, түрлі ішкі және сыртқы фактор-лардың нәтижесінде ұсақ бірлестіктерге ыдырап кетті. Дамуының алғашқы кезеңінде алып империя болған Түркі Елі өздеріне көршілес орналасқан жужандарды, қытайлықтарды бағындырып, халқынының әл-ауқатын үнемі жақсартып отырды. Түркілер өз территориясын кеңейту мақсатында көрші мемлекет-термен қиян-кескі соғыстар жүргізіп, ірі табыстарға жетті.  Ежелгі Түркі қағанатында болған тарихи оқи-ғалар , олардың аса ірі тас бағаналарға жазып қалдырған Орхон-Енисей хаттарында сақталып, біздің зама-нымызға дейін жетті. Ежелгі түркі жазба мұралары қазіргі түркі тектес халықтардың бәріне ортақ көне түркі әдеби тілінде жазылған. Ол кезде сонау Сібірден бастап Орта Азия мен Қазақстан аймағы тұтастай  Түркі қағандығының қол астына қараған болатын. Сондықтан қазіргі қазақтарды ежелгі түркілердің тікелей ұрпақтары деп есептеуге болады.  Себебі, Білге қаған, Құлтегін, Тоныкөкке арналған жазбалардан көптеген лауазымдардың қазақ тіліне ұқсас атаулары мен қазақ сөздерін кездестіруге болады.

pdf (Русский)
Тіл

Русский

Дәйексөздерді қалай жазу керек

[1]
Нагимов , Ш. і Жумагулов, .Б. 2022. ЕЖЕЛГІ ТҮРКІ ЖАЗБАЛАРЫНДАҒЫ ҚАЗАҚСТАН ТАРИХЫНА ҚАТЫСТЫ ДЕРЕКТЕР. Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Тарих және саяси-әлеуметтік ғылымдар сериясы. 1, 72 (Бер 2022). DOI:https://doi.org/10.51889/2022-1.1728-5461.19.