Мақала Ермұқан Бекмаханұлы Бекмаханов (1915-1966 жж.)—тарихшы, көрнекті ғалым, тарих ғылымдарының докторы, профессор, Қазақ КСР ҒА-ның корреспондент мүшесі, қоғам қайраткерінің өмірі мен қызметіне арналады. Қазақ тарихының XIX ғасырдың соңы мен XX ғасырдың басындағы шежіре аңыздарын жинақтап, соларды жүйелеп және қорытып, көшпелілердің өткені туралы тамаша деректерді талдаған. Е.Бекмаханов әрі іргелі зерттеулер жазған дарынды ғалым. Қазақ тарихын кәсіптік деңгейге көтеруге ат салысқандардың бірі - Ермұхан Бекмаханов еді. Е.Бекмаханов "Қазақстан тарихын" мектепте және жоғарғы оқу орындарында оқытудың алғашқы әдістемелік – тәжірибелік еңбектерін жазды. Қазақтың аяулы азаматы, алғашқы профессионал тарихшысы Е.Бекмаханов бұл өмірден қыршын жас, небәрі елу жасында кетті. Оның артында мол ғылыми мұра, қалыптасқан зерттеу әдістері мен тәжірибе, қазақ тарихының қилы кезеңдері мен оқиғалары туралы ой нышандары қалды.
КӨРНЕКТІ ҒАЛЫМ, ТАРИХШЫ ЕРМҰҚАН БЕКМАХАНҰЛЫ БЕКМАХАНОВТЫҢ ТУҒАНЫНА – 105 ЖЫЛ
Жарияланған June 2021
182
253
Аңдатпа
Тіл
Қазақ
Кілтті сөздер
тарих, Қазақстан тарихы, буржуазияшыл ұлтшыл, бұрмалау
Дәйексөздерді қалай жазу керек
[1]
Абдугулова , Б. 2021. КӨРНЕКТІ ҒАЛЫМ, ТАРИХШЫ ЕРМҰҚАН БЕКМАХАНҰЛЫ БЕКМАХАНОВТЫҢ ТУҒАНЫНА – 105 ЖЫЛ. Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Тарих және саяси-әлеуметтік ғылымдар сериясы. 2, 65 (Чер 2021).