Мақалада Түркістан республикасының оқу ағарту саласын дамытудағы С.Қожановтың ағартушылық қызметі қарастырылған. Сұлтанбек Қожанов ХХ ғасырдың 20-жылдарында Түркістан республикасы мен Қазақ АССР-де білім мен оқу-ағарту саласын дамыту және мәдениетін көтеруде көп іс тыңдырды. Оның Халық ағарту комиссариаты қызметі барысында халыққа білім беру жүйесін түбегейлі қайта ұйымдастыру, мектептерді оқытушы кадрлармен қамтамасыз ету, мектептер мен басқа да балалар мекемелерінің материалдық базасын нығайту бойынша қиын жұмыстарды жүзеге асырылды. С.Қожанов кеңес мектебін құру жолында кездескен кедергілер мен кемшіліктерге жол берілгеніне қарамастан, елде сауаттандыру жұмысы бойынша көп жұмыстар жүргізіп, белгілі бәр нәтижеге жете білді. С. Қожанов азаматтықтың, халыққа қызмет етудің асқан үлгісін көрсетіп, елінің есінде қаларлық талай тарихи жұмыстардың басы-қасында жүрді. Ол Халық-Ағарту комиссары ретінде «Ақ жол» газетіне ғана емес, республикада баспасөз және баспасөз ақпарат құралдарының дамуына ерекше көңіл бөлді.
Тіл
Қазақ
Дәйексөздерді қалай жазу керек
[1]
Козгамбаева , Г. 2021. СҰЛТАНБЕК ҚОЖАНОВТЫҢ АҒАРТУШЫЛЫҚ ҚЫЗМЕТІ. Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Тарих және саяси-әлеуметтік ғылымдар сериясы. 2, 65 (Чер 2021).