Негізгі мазмұнға өту Негізгі шарлау мәзіріне өту Сайттың төменгі деректемесіне өту
Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Тарих және саяси-әлеуметтік ғылымдар сериясы

БАТЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНДАҒЫ ХАЛЫҚ ШАРУАШЫЛЫҒЫН СОҒЫС ЖАҒДАЙЫНА БЕЙІМДЕП ҚАЙТА ҚҰРУДАҒЫ ӘЙЕЛДЕРДІҢ РӨЛІ

Жарияланған April 2022

127

100

КазНПУ
Аңдатпа

Екінші дүниежүзілік соғыста планетаның тұрғындары үлкен рухани-физикалық ерліктер мен қабілет көрсетті. Соғыс КСРО-ның әлеуметтік-экономикалық өміріне ерекше ықпал етті, тіпті Кеңес мемлекетінің соғысқа дайын емес екенін көрсетіп берді. Соғыс экономикасын көтеру соғыспен бірге пара-пар жүрді. КСРО-ның соғыстағы негізгі тыл аймағы Қазақстан болды. Еліміздің әр облысында соғысқа қажетті материалмен жабдықтаушы орталықтар қалыптасты. Оның ішінде белсенді аймақтардың бірі Батыс Қазақстан облысы болып, онда әйелдердің еңбегі негізгі жұмыс күші саналды. Жалпы, соғыс тылында әйелдер еңбегінің орны ерекше болды. Мақалада, Ұлы Отан соғысы жылдарында Батыс Қазақстан облысында жергілікті шаруашылықты қайта құруда әйелдердің еңбегі мен ролін тарихи тұрғыдан зерттеу болып табылады. Халық шаруашылығы мен экономиканы соғыс жағдайына бейімдеп қайта құруда әйелдердің қызметіне жан-жақты талдау жасау мақаланың негізгі ғылыми міндеті болып табылады. 

pdf (Русский)
Тіл

Қазақ

Дәйексөздерді қалай жазу керек

[1]
Тапалова, А. 2022. БАТЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНДАҒЫ ХАЛЫҚ ШАРУАШЫЛЫҒЫН СОҒЫС ЖАҒДАЙЫНА БЕЙІМДЕП ҚАЙТА ҚҰРУДАҒЫ ӘЙЕЛДЕРДІҢ РӨЛІ. Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Тарих және саяси-әлеуметтік ғылымдар сериясы. 1, 72 (Квіт 2022). DOI:https://doi.org/10.51889/2022-1.1728-5461.04.