Марат Жақсыбайұлы Хасанаев - Қазақстан Республикасының қоғам қайраткері, тарихшы-архивист, 1980-1994 жж. және 2000-2002 жылдары КР Орталық мемлекеттік архивінің директоры, 1994-1996 жылдары Қазақстан Республикасы Бас архив басқармасының бастығы болып қызмет атқарды, «ҚР Ұлттық архив қоры және архивтер туралы» заңының авторларының бірі. Мақалада М. Хасанаевтың ұйымдастырушылық қызметі қарастырылады, яғни, оның басшылығымен архивтің ғылыми және әдістемелік жұмыстары жақсартылды, мақсатты түрде архивті толықтыру көздерімен жұмыс жүргізілді. Ол архив саласындағы проблемаларды ашық көтерді, атап айтсақ, архив заңнамасының қажеттілігін, архив қоймасының толып қалуын, архив қызметкерлерінің еңбекақысының төмендігін, шетелдік архивтермен ынтымақтастық орнату мәселелерін және т.б.
Мақалада ғалым ретінде оның зерттеу және археографиялық қызметіне де көп көңіл бөлінген. Ол архив құжаттарын құпиясыздандыруға қатысып, Қазақстан тарихының «ақтаңдақтарын» ашты. Тарихи тұлғаларды зерттеумен айналысты. Сондай-ақ «Әділет» тарихи-ағартушылық қоғамының қызметі мен ұйымдастырылуына белсене атсалысты.
МАРАТ ХАСАНАЕВ – ҚАЗАҚСТАННЫҢ АРХИВ ІСІНІҢ МАЙТАЛМАНЫ
Жарияланған June 2021
313
0
Аңдатпа
Тіл
Қазақ
Кілтті сөздер
архивтер, Ұлттық архив қоры, архив құжаттары, Халықаралық архивтер кеңесі, толықтыру, археография.
Дәйексөздерді қалай жазу керек
[1]
Алпысбаева, Н. і Шарипанова, М. 2021. МАРАТ ХАСАНАЕВ – ҚАЗАҚСТАННЫҢ АРХИВ ІСІНІҢ МАЙТАЛМАНЫ. Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Тарих және саяси-әлеуметтік ғылымдар сериясы. 2, 65 (Чер 2021).