ҚазАКСР Халық Комиссарлар Кеңесі Қазақстандағы жоғары заң шығарушы және атқарушы билік органы ретінде 1920-1936 жылдары ведомстволық бағынысты органдардың жұмысын бақылап отырды, жоғары органдар алдында есеп берді, оның қызметінің барысында үлкен құжаттық материал қалыптасты. Қоғамды трансформациялау жағдайында өткеннің тарихи тәжірибесін жан-жақты зерделеу, ғылыми талдау жасау ерекше маңызға ие. Осыған орай архив құжаттары зерттеушілер тарапынан үлкен қызығушылық тудыруда. Әсіресе, соңғы жылдары тарихи ақиқаты ашатын құнды дерек көзі ретінде архив материалдарының жалпы тарихи маңызы едәуір артты. Осы тұрғыдан алғанда кеңес қоғамы тарихының түйінді мәселелерін көрсететін ҚазАКСР Халық Комиссарлары Кеңесі қорының (ҚР Орталық мемлекеттік архивінің №30 қоры) ретроспективті құжаттық ақпараты аса құнды болып табылады. Сондықтан мақалада ХХ ғасырдың 20-30 жылдарындағы Қазақстандағы әлеуметтік-саяси үдерістерді зерттеудің тарихи дереккөзі ретінде ҚазКСР Халық Комиссарлары Кеңесінің құжаттық материалдары қарастырылады.
Документальные материалы фонда Совета народных Комиссаров КазАССР как исторический источник
Жарияланған April 2022
125
87
Аңдатпа
Тіл
English
Кілтті сөздер
Совет Народных Комиссаров КАССР, архивные документы, фонд, хозяйственно-политические кампании, исторический источник.
Дәйексөздерді қалай жазу керек
[1]
Алпысбаева, Н. 2022. Документальные материалы фонда Совета народных Комиссаров КазАССР как исторический источник. Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Тарих және саяси-әлеуметтік ғылымдар сериясы. 1, 72 (Квіт 2022). DOI:https://doi.org/10.51889/2022-1.1728-5461.15.