Негізгі мазмұнға өту Негізгі шарлау мәзіріне өту Сайттың төменгі деректемесіне өту
Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Тарих және саяси-әлеуметтік ғылымдар сериясы

АБАЙ МҰРАСЫ «АҚ ЖОЛ» БЕТТЕРІНДЕ

Жарияланған June 2020

53

52

Аңдатпа

Ел тарихындағы ұлтымыздың тәуменді тұлғаларын тереңірек танып білу, олардың өнегелі өмір жолы мен қайраткерлік болмысын шынайы ашып көрсетуге ұмтылып, бай шығармашылық мұрасын өскелең ұрпаққа мейлінше насихаттау, рухани жаңғыру жолына түскен мемлекетіміздің даму үдерісіндегі басты ұстын-тірек ретінде қарастыру – уақыт талабы. Қазақтың бас ақыны - Ұлы даланың ұлы Абайы да ұлт үшін осындай қастерлі тұлғалар санатында. Себебі отарлық бұғаудан босанып, төл тарихының «ақтаңдақ» беттерін танымаққа ұмтылған, төрт құбыласын түгендеуді жөн көрген еліміздің кешегі зобалаң кезеңде жоғалтқаны аз емес. Біз мақаламызда Абайды танудың қазақты тану екендігін баса айта отырып, ұлт ұстазын зерделеуде тасада қалыңқыраған тың тақырыпты таңдап отырмыз. Ол - Кеңестік Қазақстандағы БАҚ-та, әсіресе, 1920-1926 жылдардағы ұлттық баспасөздің алдыңғы сабынан табылған беделді басылым - «Ақ жолда» жарияланған Абай турасындағы мақалалардың руханиятымызды көтеруде әлі де өз маңызын жоғалта қоймағандығы. Шындығында ұлттық тәуелсіздік жолында, сын сағатта аянып қалмаған Алаш арыстарының жанкешті еңбегін әсте ұмытуға болмас. Сондықтан да біз осынау шағын мақаламызда Ұлы Абайдың өнегелі өмірі мен шығармашылығына тоқталмай, негізінен мұрағат қорларында қалған осы газеттегі ақын турасындағы тарихи сараптамаларды келтіре отырып, жаңаша көзқараспен тұжырымдауға тырыстық.

pdf
Тіл

Қазақ

Дәйексөздерді қалай жазу керек

[1]
Туребаев O. , Айдарбекова, Г. , Абдурахманов, Н. і Оразымбетова, З. 2020. АБАЙ МҰРАСЫ «АҚ ЖОЛ» БЕТТЕРІНДЕ. Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Тарих және саяси-әлеуметтік ғылымдар сериясы. 2, 65 (Чер 2020).