Негізгі мазмұнға өту Негізгі шарлау мәзіріне өту Сайттың төменгі деректемесіне өту
Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Тарих және саяси-әлеуметтік ғылымдар сериясы

КЕҢЕСТІК, ПОСТКЕҢЕСТІК КЕЗЕҢДЕРДЕГІ ҒЫЛЫМИ ӘДЕБИЕТТЕРДЕГІ СТАЛИНДІК ТЕРРОРДЫҢ ҚУҒЫН-СҮРГІНІНЕ ҰШЫРАҒАН ҚАЗАҚСТАН АЗАМАТТАРЫН ОҢАЛТУ ПРОЦЕСІНІҢ ЗЕРТТЕЛУІ

Жарияланған June 2021

234

56

Аңдатпа

Саяси себептер бойынша жазықсыз қуғын-сүргінге ұшыраған Қазақстан азаматтарын оңалту процесін зерттеу тоталитаризмнің мәнін толық ашу және қоғамды оның деструктивті мұрасынан босату міндетімен тығыз байланысты. Бұл проблеманы қарау бізге әкімшілік-командалық жүйеден қалған стереотиптерді еңсеруге, жаңа адамгершілік пен құқықтық сананы қалыптастыруға көмектеседі, онсыз адамға құрмет көрсету атмосферасын, адамның құқықтары мен бостандықтарын қорғаудың бірыңғай жалпыға ортақ тетігін жасау мүмкін емес. Оңалту саясаты бұрынғы кеңестік қоғамның және қазіргі Қазақстан қоғамының моральдық және құқықтық қайта өркендеу негізіне алынды. Оңалту тарихын зерттеу тек қазақ тарихы үшін ғана емес, сондай-ақ әлемнің барлық халықтары үшін де маңызды мәнге ие, себебі бұндай рецидивтердің келешекте қайталанбауына сабақ болады. Біздің ойымызша, сталиндік террор кезіндегі саяси қуғын-сүргіннің тарихын зерттеуге көп көңіл бөлінді, ал қуғын-сүргінге ұшыраған азаматтарды оңалту процесі,
оның барысы мен салдары қоғамтанушылар тарапынан түскен. Бұл тарихи процестің толық емес көлемде зерттелуі, тарихи оқиғалардың логикалық өзара байланысы бұзылуына әкелді: зерттеушілердің назарында тек саяси қуғын-сүргіндер тарихы ғана алды, ал қуғын-сүргінге ұшыраған азаматтарды оңалту көлеңкеде қалды. Сондықтан осы зерттеу материалдары сталиндік террор жылдарында қуғын-сүргінге ұшыраған азаматтарды оңалту мәселесін зерделеуде бос орындарды толықтырады және осы проблеманы кеңестік және посткеңестік ғылыми әдебиетте зерделеумен танысуға көмектеседі.

pdf (Русский)
Тіл

Русский

Дәйексөздерді қалай жазу керек

[1]
Тулекова, А. 2021. КЕҢЕСТІК, ПОСТКЕҢЕСТІК КЕЗЕҢДЕРДЕГІ ҒЫЛЫМИ ӘДЕБИЕТТЕРДЕГІ СТАЛИНДІК ТЕРРОРДЫҢ ҚУҒЫН-СҮРГІНІНЕ ҰШЫРАҒАН ҚАЗАҚСТАН АЗАМАТТАРЫН ОҢАЛТУ ПРОЦЕСІНІҢ ЗЕРТТЕЛУІ. Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Тарих және саяси-әлеуметтік ғылымдар сериясы. 2, 65 (Чер 2021).