ҚАЗАҚСТАН ТАРИХЫНЫҢ ЗЕРТТЕЛУІ (1991-2020)
Аңдатпа. Қазақстанның тарих ғылымы Кеңес Одағының кезінде өз деңгейінде айтарлықтай дамыған жоқ. Тек, Қазақстан Республикасы тәуелсіздік алған уақытынан бері жаңаша көзқараспен тың зерттеулер жүзеге асырылып келеді. Жалпы, Қазақстан тарих ғылымы – дүниежүзі тарихының құрамды бөлігі. Сондықтан, Отан тарихының дамуын және оның дамуына ғылыми-зерттеу институттарының қосқан үлесі мен қызметін қарастыру да маңызды мәселе екендігі анық.
Бұл мақалада Қазақстан тарихына қатысты ғылыми-зерттеулердің жүзеге асырылуы, Археология және Шығыстану институттарының құрылуы, қалыптасуы және Отан тарихын зерттеуге арналған бағдарламалар мен ғылыми-зерттеу жобаларына қатысуы, орындалған жұмыстардың нәтижелеріне талдаулар жасау арқылы зерттеу нысанына алынған. Қазақстан тарих ғылымының дамуына осы аталған институттарда қызмет жасайтын ғалымдардың 1991-2020 жылдар аралығында қосқан үлесі және Отан тарихына қатысты зерттеулері, олардың атаулары мен нәтижелері туралы