Негізгі мазмұнға өту Негізгі шарлау мәзіріне өту Сайттың төменгі деректемесіне өту
Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Тарих және саяси-әлеуметтік ғылымдар сериясы

ТӘУЕЛСІЗ ҚАЗАҚСТАН: ЖЕТІСТІКТЕР МЕН ЖАҢА МАҚСАТТАР

Жарияланған April 2022

137

109

ВУЗ
Аңдатпа

Мақала Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне отыз жылдығына орай жазылған. Осы отыз жыл ішінде Қазақстан жеткен жетістіктер мен алға қойылған мақсат, міндеттер туралы айтылды. Мақаланы жазу барысында  Тұңғыш Президент Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы, Президент Қ.Ж.Тоқаевтың мақалалары пайдаланылды. Ел өмірінде қандай елеулі оқиғалар болды, отыз жыл бұрын Тәуелсіздікке қалай қол жеткіздік, отыз жыл ішінде қандай  қойылған міндеттерді атқардық, осы мәселелерге қысқаша шолу жасалынды. Ендігі төртінші онжылдықта еліміз қандай болады, неге басты назар аударылады деген сұрақтарға жауап ізделінді. Халықты еститін мемлекетті қалай құрамыз,  Президент қалаған әділетті мемлекет дегеніміз қандай мемлекет, тарихтағы ақ таңдақтарды қалай ашамыз, тарихқа жаңаша көзқарасты қалыптастыру, ұлттық бірегейлікті бекіту, рухы бір, тілі бір ұлт қалыптастыру сияқты идеялары. Төртінші онжылдықта Президенттің алға қойған мақсаты қуатты мемлекет жасау, халықтың әлеуметтік жағдайын көтеру. Ел экономикасынан олардың игілік көруі. Бірақ оның бәріне Президент жалғыз жетпейді, «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» деген ұран әр қазақстандықтың жүрегінде, тілегінде болуы керек. Білек сыбана,бірлесе ел игілігі үшін қызмет еткенде ғана Тәуелсіздігіміз баянды болмақ. Бабалар аңсаған асқақ арман мәңгілік болып қалмақ.

pdf (Русский)
Тіл

Қазақ

Дәйексөздерді қалай жазу керек

[1]
Аманиязова, Б. 2022. ТӘУЕЛСІЗ ҚАЗАҚСТАН: ЖЕТІСТІКТЕР МЕН ЖАҢА МАҚСАТТАР. Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Тарих және саяси-әлеуметтік ғылымдар сериясы. 1, 72 (Квіт 2022). DOI:https://doi.org/10.51889/2022-1.1728-5461.02.