Шағын қала Аякөздің тарихи, әлеуметтік-экономикалық демографиялық дамуын зерттеу біздің қоғамда болып жатқан процестерді түсіну үшін үлкен мәнге ие және сол арқылы республикада қалыптасқан әлеуметтік-демографиялық саясатқа ықпал ете алады.
Қазақстандағы қазіргі кезеңдегі ресми мәртебе мен елді мекендердің санына сүйене отырып, біз 10-50 мың халқы бар қалаларды шағын қалаларға және 10 мың адамға дейін қалалық типтегі елді мекендерге бөлдік.
Аягөз-Семей облысының Аягөз ауданындағы қала (1939 жылдан), әкімшілік орталығы (1928 жылдан), ірі темір жол станциясы. Қала Аягөз өзеніне құятын жерінде орналасқан. 1831 жылы негізі қаланған Түрксіб құрылысы мен пайдалануға берілуі Аякөздің экономикалық дамуына үлкен өзгеріс әкелді. 1985 жылы қалада автожөндеу және темірбетон бұйымдары зауыттары, ет комбинаты, май зауыты, элеватор және т.б. кәсіпорындар жұмыс істеді. Аягөз ауданы 1928 жылы құрылды. Әкімшілік орталығы Аягөз қала мәртебесін 1939 жылы алды.
1930 жылы қазіргі Аягөз қаласы орналасқан жерден Түркістан-Сібір теміржолы өтіп, Аягөз станциясының ірге тасы қаланды. Осылайша мұнда алғашқы паровоз депосы және басқа теміржолға қатысты кәсіпорындар бой көтерді. Сол тұста көптеген Аягөздіктер теміржол құрылысына белсене қатысыты. Сол жылы аудан орталығы Сергиопольден Аягөз станциясына көшірілді.Аягөзге теміржолдың бір тармағының тартылуы ғасырлар бойы мүлгіген далаға тың лебі әкелді. Сондай сілікініс пен оянуда аяулы азаматтардың бас көтеруі заңды нәрсе. Олардың ішінде Т.Рысқұлов пен М.Тынышбаевтың есімін ерекше атап өткен жөн. Ауданның ауыл шаруашылығның тарихы 1920-1930 жылдардағы алғашқы мойынсеріктер мен ұжымдық шаруашылықтардан басталып, МТС-тар құрыла бастады.
Ауданның ауыл шарушылығы саласында көптеген кадрлар өсіп жетілді. Аудан мәдениеті мен өнерінде кезінде елді мекендерде кеңестік кезеңде құрылған қызыл отаулар мен автоклубтар аса маңызды орын алды. Олар жергілікті жерлердегі өнерпаздар өнерін ұштауға, жұртшылық арасында оларды кеңінен насихаттауға жол ашты. Осындай тарихи даму жолынан өткен қала қазігі таңда да мемлекеттік маңызы бар шағын қалалар қатарында.