ҚАЗІРГІ КЕЗЕҢДЕГІ ҚАЗАҚСТАН-ФРАНЦУЗ
ЫНТЫМАҚТАСТЫҒЫ ЖӘНЕ ИСЛАМТАНУДЫҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ
Аңдатпа
Қазіргі жағдайда әлемнің әртүрлі аймақтарындағы исламдандыруды Қазақстан құрамдас бөлігі болып табылатын жаһандық жоба ретінде қарастырған жөн. Аймақтағы жағдайды тұрақсыздандыру тұрғысынан ең қауіптісі – айқын әскери сипаты бар ұйымдар. Қазіргі Қазақстанда имамдардың рөлі айтарлықтай артты. Исламтанулық зерттеулер шығыс орталықтарында басталып, олардың негізгі мәселесі Исламдық Шығыс пен Батыстың диалогы, қарым-қатынасы болды. Еуропалық гуманитарлық ғылымның әмбебап идеяларын қолдану және өркениет үдерісін біртұтас деп ұсынуға деген ұмтылыс Ислам әлемінің зияткерлік, ғылыми және ағартушылық қозғалыстарының тұжырымдамаларына да әсер етті.
Исламтану өзінің қалыптасуының әртүрлі кезеңдерінен өтіп, біртіндеп өзінің әдіснамасы мен проблемалық сұрақтары бар ғылымға айналады, олардың тұжырымы мен шешімі болашақ зерттеулер үшін перспективалы бағыттарды ашты. Францияның белгілі исламтанушылары: де Саси, Массиньон, Корбэн, Аркун, Кепель және басқалары зерттеудің пәнаралық тәсілдерін анықтаған диалогты іздеудің ұзақ жолынан өтіп, француз исламтануы диалогтық исламтануды жетілдірудегі қазіргі заманғы диалог тәжірибесіне сәйкес келеді. Мұндай тәжірибе қазіргі уақытта ғылымның аса перспективалы бағыты болып табылатын қазақстандық исламтану үшін қажет.
Орталық Азияның басқа елдеріндегі сияқты, Қазақстанда да діни ислам әдебиеті үлкен таралыммен жарияланады, әдетте олар тегін таратылады. Қазақстанда бірнеше исламдық баспа орталықтары, сондай-ақ діни тақырыптағы журналдар мен газеттер шығаратын баспалар белсенді жұмыс істейді. Мысалы, «Ислам және өркениет» газеті, «Иман», «Шапағат-Нұр», «Мұсылман» және т.б. журналдар мыңдаған тиражбен шығарылады.
Түйін сөздер: Қазақстан, Француз ынтымақтастығы, исламтану, Франция, диалог, мәдениет.