Негізгі мазмұнға өту Негізгі шарлау мәзіріне өту Сайттың төменгі деректемесіне өту
Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Тарих және саяси-әлеуметтік ғылымдар сериясы

Абдыканова КУЛЬТУРНЫЕ СВЯЗИ КАЗАХСТАНА С ТЮРКОЯЗЫЧНЫМИ ГОСУДАРСТВАМИ В НАЧАЛЕ ХХІ в.

Жарияланған January 2022

92

казнпу
Аңдатпа

ХХІ ғ. БAСЫНДAҒЫ ҚAЗAҚСТAННЫҢ  ТҮРКІ ТІЛДІ  МЕМЛЕКЕТТЕРМЕН  МӘДЕНИ БAЙЛAНЫСТAРЫ

 

Аңдатпа

Мақалада түркілік ұлттық тілдердің даму тарихы, бігінгі жағдайы мен ахуалы, тарихи кезеңдердегі даму ерекшеліктері анықталып, келешегіне сараптамалық талдаулар жасалады. Мақалада өз алдына дербес мемлекеттер болып отырған түркілік республикалардың, түркі тілдес ұлттардың әдеби тілдерінің қалыптасып даму тарихы, түрлі кезеңдердегі жағдайы мен мәртебесі, бүгінгі жетілу, даму үдерісі, қолданыс аясы мен қоғамдық қызметі және болашағы қарастырылып, зерттеліп-зерделенген. Қазіргі таңда бүкіл түркі әлеміне қатысты ортақ мұраларды ой елегінен өткізіп зерделесек, кезінде еуразиялық кеңістіктегі сайын далада көшіп-қонған түркілік ру-тайпалардың өмір-салты мен әдет-ғұрпы, елдігі мен мемлекеттігінің қалыптасуы, олардың өзара қарым-қатынасының ерекшелігі жайында түрлі деректерді табамыз. Таба отырып, бүгінгі елдігімізге дейін дәстүр жалғастығы мен сабақтастығының үнемі үзілмей келе жатқанына көз жеткіземіз.

Ұзақ уақыт бойы тарихи-саяси жағдайдың сан алуан себеп-салдарынан, түркітілдес халықтардың көпшілігінің атамекені болған қазіргі Қазақстан териториясында небір мемлекеттер құрылып, кейбіреу-лері белгілі бір уақыт өлшемі тұрғысынан алғанда ұзақ өмір сүрген болса, енді біреулері бірнеше ондаған жылдар ғана тайпалық одақ немесе мемлекеттік бірлестік ретінде көрініп, тарих сахнасынан кетіп отырған.

Кілт сөздер: тіл, діл, түркі халықтары, тарих, түркі тілдес  ұлттар, тарихи-саяси жағдай

Тіл

Русский

Дәйексөздерді қалай жазу керек

[1]
абдыканова, а. 2022. Абдыканова КУЛЬТУРНЫЕ СВЯЗИ КАЗАХСТАНА С ТЮРКОЯЗЫЧНЫМИ ГОСУДАРСТВАМИ В НАЧАЛЕ ХХІ в. Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Тарих және саяси-әлеуметтік ғылымдар сериясы. 4, 71 (Січ 2022). DOI:https://doi.org/10.51889/2021-4.1728-5461.23.