Аңдатпа
Мақалада «ұлттық идея» және «мемлекеттік идея» ұғымдары қатар қолданылады. Осы екі ұғымның арақатынасы нақтылауды қажет етеді. Көпұлтты болып қалыптасқан Ресей сияқты елдерде ұлттық идея дегеніміз этникалық мағынаны білдірмейді. Ал моноұлттық болып қалыптасқан қазақ қоғамы үшін «ұлттық идея» мемлекет қалыптастырушы қазақ ұлтының мүддесіне барынша жақын. Бұл жағдай, әсіресе, ХХ ғ. бас кезіндегі қазақ ұлттық бірегейлігінің орнығуы кезеңіне тән болатын. Түркістан Республикасында Орталық биліктің баспасөз органы болып жарық көрген (1920-1925 жж.) «Ақ жол» газеті ұлттық идеяны насихаттаушы ғана емес, оны қалыптастырушышылық қызметін де атқарған еді. Мақала осы тарихи құбылысқа баға беруге арналады.
Кеңестік билік кезеңінде қалыптасқан көпэтностық қауымдастық бұл ұғымға жаңа мазмұн беріп, қазіргі кезеңде ұлттық идея ұғымы мемлекеттік идеяға ұласты Тар этникалық ауқымнан шығып, әлеуметтік-мәдени мәнге ие болды.