Қ.А.Ясауи тұлғасына бірнеше ғасырлардан бері назар аударылып келеді. Соңғы жылдары отандық тарихнамада ол жайлы аз жазылған жоқ: монографиялар, оқу құралдары жарық көрді, жүздеген ғылыми мақалалар жазылып, ондаған ғылыми форумдар ұйымдастырылды. Өз кезегінде Қ.А.Ясауи рухани-діни мұрасы жайлы ілім-білімдердің шоғырлана түсуі әрқилы еңбектердің, гуманитарлық ғылым салалары бойынша жазылған ізденістердің жүйеленуін қажет етеді. Әлі күнге дейін Қ.А.Ясауи мұрасы жүйелі түрде зерттеліне қойған жоқ, отандық тарихнамада оның өрлеуі мен құлдыраулары да орын алды: егер кеңестік тарихнама оны халықтан аластатуға тырысып баққан болса, қазіргі кезеңде кейбір радикалды топтар данышпан-ойшылдың рөлін төмендетіп көрсетуге талпынуда. Сол себепті де осы ізденістің мақсаты Қ.А.Ясауи мұрасының отандық рухани дәстүрдегі рөлін, ясауитанудың даму кезеңдерін айқындау болып табылады. Заманауи тарихтағы қазақ қоғамдық ой-пікірінде оның танымдары ерекше орын алады, өйткені ол қоғамдық сананы жаңғыртуға, ұлттық рухани-зияткерліктің өрлеуіне өзіндік әсерін тигізеді.
A ОТАНДЫҚ ТАРИХНАМАДАҒЫ Қ.А.ЯСАУИ ЖӘНЕ ОНЫҢ МҰРАСЫ: Ясауи
Жарияланған January 2022
109
Аңдатпа
Тіл
Қазақ
Кілтті сөздер
Дәйексөздерді қалай жазу керек
[1]
baigunakov, dosbol 2022. A ОТАНДЫҚ ТАРИХНАМАДАҒЫ Қ.А.ЯСАУИ ЖӘНЕ ОНЫҢ МҰРАСЫ: Ясауи. Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Тарих және саяси-әлеуметтік ғылымдар сериясы. 68, 4 (Січ 2022). DOI:https://doi.org/10.51889/2021-4.1728-5461.14.