ҚАЗАҚСТАННЫҢ САЯСИ МӘДЕНИЕТІН ДАМЫТУДАҒЫ БАҚ-тың РӨЛІ
Аңдатпа
Қазақстандағы БАҚ қызметінің негізгі бағыттарына қысқаша шолу жасағанымызда оның елді демократияландыру үрдісінің негізгі тетігіне айналғандығын көреміз. БАҚ азаматтық қоғам институт-тарының өсіп нығаюына идеологиялық жағдай жасады, қазақстандықтардың жаңа саяси мәдениетін тәрбилеп, әлеуметтік бағдарламаларын анықтауға және Қазақстан халқының бірлігінің рухани, мәдени және әлеуметтік құндылықтарын қалыптастыруға зор игілікті ықпал жасады. Қазақстан халқының капитализмнен алатын жалпы орнын түсіндірді. Заманауи алмасулар болған өтпелі кезеңнің қиыншылық-тарын жеңудің тетіктерін көрсетіп, әдіс-тәсілдерін үйретті. Қоғамдық келісім, саяси тұрақтылық, толеранттылық пен гуманизм принциптерін насихаттап, түсіндіріп БАҚ демократиялық мемлекет құрудың күрделі үрдісін тездетті.
Қазақстан демократиялық мемлекет құру барысында азаматтардың дүниетанмында түрлі қайшы-лықтар орын алды. Оның ең қиыны ұлттық құндылықтар мен заманауи жалпыадамзаттық құндылық-тардың үндесуі, өзара жарыстық табуы мәселесі болды. Ақпараттық-коммуникативтік жүйелернің ғалам-дануы халықтар мен мәдениеттер арасындағы идеологиялық және саяси барьерлерді әлсіретті. Қазақстан халқы басқа мәдени құндылықтарды, әлеуметтік басымдылықтарды, басқа өмір-салттарды көрді, қабыл-дай бастады. Осы ахуал елдің ұлттық қауіпсіздігіне және мемлекеттік тәуелсіздігіне қауіп төндіретіндей дәрежеге жетті. Транұлттық корпорациялардың Қазақстанға экономикалық-финанстық экпансиясына, әлемдік діндердің діни экпансиясына, Батыстық бұқаралық мәдениттің мәдени экспансиясына, экстремистік радикалистік топтардың агрессиялық экспансиясына және ең ауыры әлемдік басым державалардың геосаяси экспансиясы қарсы тұруға қабілетті Қазақстан азаматтарының дүниетанымы мен өмірлік позициясын тәрбиелеу Қазақстанның БАҚ-ның стратегиялық міндетіне айналды.
Түйін сөздер: БАҚ, демократия, дүниетанымды тәрбиелеу, мәдениет, халық.